Денсаулық – үздіксіз білім алудың ресурсы: тұрақты даму контекстінде — ҚазҰУ

91ý

Денсаулық – үздіксіз білім алудың ресурсы: тұрақты даму контекстінде

17 ақпан 2026
Денсаулық – үздіксіз білім алудың ресурсы: тұрақты даму контекстінде

2026 жылғы 17 ақпанда орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Спанбек Арайлым Нұрланқызы «6B07501 – Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттерімен бірлесіп «Денсаулық – үздіксіз білім алудың ресурсы» тақырыбында интерактивті сабақ өткізді.

Аталған тақырыптың өзектілігі Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарымен тығыз байланысты, атап айтқанда 3-мақсат – «Сапалы денсаулық және әл-ауқат» және 4-мақсат – «Сапалы білім». Қазіргі білім беру кеңістігінде денсаулық тек физикалық жағдай ғана емес, сонымен қатар тиімді оқу үдерісін қамтамасыз ететін, үздіксіз білім алуға және тұлғалық дамуға мүмкіндік беретін маңызды ресурс ретінде қарастырылады.

Сабақ барысында денсаулық қарқынды өзгеріп жатқан әлем жағдайында бейімделе алатын, бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастырудың негізгі факторларының бірі ретінде талқыланды. Студенттер өмір салты, физикалық белсенділік деңгейі, психоэмоционалдық жағдай және оқу мен кәсіби жетістіктер арасындағы өзара байланысты белсенді түрде талдады.

Интерактивті формат студенттердің оқу үдерісіне белсенді қатысуына және сыни ойлау дағдыларын дамытуға ықпал етті. Практикалық тапсырмаларға ерекше назар аударылды: студенттер салауатты өмір салты мен үздіксіз білім алудың негізгі аспектілерін бейнелейтін интеллект-карталар әзірледі. Қызығушылықты арттыру мақсатында жұмысқа геймификация элементтері енгізіліп, ребустар қолданылды. Бұл тәсіл студенттердің тақырыпты шығармашылық тұрғыда меңгеруіне мүмкіндік берді.

Топтық жұмыс, талқылау және нәтижелерді таныстыру студенттердің коммуникативтік дағдыларын, ақпаратты талдау және оны жүйелеу қабілеттерін дамытуға ықпал етті. Мұндай оқыту форматы білім алушылардың оқу мотивациясын арттырып, дербестік пен жауапкершілік қасиеттерін қалыптастырады.

Өткізілген сабақ тұрақты даму қағидаттарын білім беру үдерісіне енгізудің тиімділігін көрсетті. Денсаулықты үздіксіз білім алудың маңызды ресурсы ретінде түсіну тұлғаның жан-жақты дамуы мен болашақ мамандардың кәсіби табысының негізі болып табылады.