Наурыз – дәстүр мен бірліктің мерекесі
2026 жылғы 26 наурызда орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Спанбек Арайлым Нұрланқызы «6В02305 – Қазақ филологиясы» білім беру бағдарламасының студенттерімен бірлесе отырып, Наурыз мерекесіне арналған тақырыптық сабақ өткізді.
Іс-шара интерактивті форматта ұйымдастырылды. Студенттер ұлттық мәдениет туралы білімдерін тереңдетіп қана қоймай, дәстүрлерді тәжірибелік тұрғыда меңгергендерін көрсетті. Сабақ барысында қазақтың ұлттық тағамдарына ерекше назар аударылды.
Студенттер құрт, айран, бауырсақ, қазы, ірімшік, жент, қаймақ, қымыз, шұбат тағамдарын ұсынып, олардың шығу тарихы, дайындалу ерекшеліктері мен мәдени маңызы туралы баяндады.
Атап айтқанда, бауырсақ – қонақжайлылықтың белгісі, қымыз – көне дәстүрлі сусын, ал құрт – көшпелі өмір салтының айқын көрінісі ретінде сипатталды.
Сабақ жылы әрі достық атмосферада өтті. Мұндай іс-шаралар студенттердің коммуникативтік дағдыларын дамытуға, ғылыми қызығушылығын арттыруға және ұлттық құндылықтарға құрметін қалыптастыруға ықпал етеді.
Басқа жаңалықтар