Химия және химиялық технология факультетіндегі «Фараби Әлемі» конференциясы
7–8 сәуір күндері химия және химиялық технология факультетінде студенттер мен жас ғалымдардың дәстүрлі халықаралық ғылыми конференциясы — «Фараби Әлемі» табысты өтті. Конференция аясында қатысушылар өз ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін ауызша баяндамалар және постерлік (стендтік) сессия форматында ұсынды. Секция жұмыстары заманауи химия мен химиялық технологияның өзекті бағыттарының кең ауқымын қамтыды.
Биыл ұйымдастыру комитетіне шамамен 370 тезис келіп түсті, бұл конференцияға деген жоғары қызығушылықты, оның ғылыми маңыздылығын және студенттер мен жас зерттеушілердің белсенді қатысуын көрсетеді.
Конференция барысында факультеттің ғылыми әлеуетін көрсетуге ерекше көңіл бөлінді. Осы аяда химия және химиялық технология факультеті ғалымдарының ғылыми әзірлемелері көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде өзекті ғылыми жобалар, инновациялық технологиялар және қолданбалы зерттеу нәтижелері ұсынылды. Экспозиция қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырып, тәжірибе алмасу, әзірлемелерді енгізу перспективаларын талқылау және ғылыми ынтымақтастық орнату үшін қосымша алаңға айналды. Конференция ғылыми идеялармен алмасу, өзекті мәселелерді талқылау және қатысушылар арасында кәсіби байланыстар орнату үшін тиімді платформа болды.
8 сәуір күні салтанатты марапаттау рәсімі өтті, оның аясында үздік баяндамалар атап өтілді. Жүлделі орындарға ие болған секция қатысушылары факультет атынан дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
«Фараби Әлемі» конференциясы тағы да жас ғалымдардың ғылыми әлеуетін қолдау мен дамытудағы маңызды рөлін дәлелдеді.
Жас ғалымдар кеңесінің төрайымы Ж.Б. Бекисанова
Басқа жаңалықтар