Түркі әлемінің рухани мұрасы: Алматы - Шымкент – Түркістан бағытындағы оқу сапары — ҚазҰУ

91ý

Түркі әлемінің рухани мұрасы: Алматы - Шымкент – Түркістан бағытындағы оқу сапары

13 сәуір 2026
Түркі әлемінің рухани мұрасы: Алматы - Шымкент – Түркістан бағытындағы оқу сапары

11-12 сәуір аралығында География және табиғатты пайдалану факультеті, Рекреациялық география және туризм кафедрасы, «Туризм» және «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» мамандығының 1 курс студенттеріне арналған, оңтүстік мегаполис - Шымкент және түркі әлемінің рухани астанасы - Түркістан қалаларына тәжірибеге бағытталған оқу-танымдық сапар ұйымдастырылды.

Студентттер саяхаттың алғашқы күні - Шымкент қаласына кәсіби экскурсоводтың сүйемелдеуімен қалалық шолу экскурсиясына қатысты. Экскурсия барысында қаланың көрнекті объектілері - Сейтжан Қари мешітімен, еліміздегі ең биік ескерткіш - Байдібек би монументімен және Шым қала тарихи-мәдени кешенімен танысты.

 

Түркістан қаласына барар жолда, Бәйдібек ауданында орналасқан Ақмешіт әулие үңгіріне аялдап, үңгірдің георафиялық ерекшелігі, сакралды маңызы және туристік тартымдылығы жайлы қызықты ақпараттар алды.

 

Келесі күні студенттер Түркістан шаһарында орналасқан - “Әзірет сұлтан” ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығына келіп, қазақ халқының хандары, би-сұлтандары, батырлары жерленген киелі орынмен танысып, құран бағыштап, зират жасады.

 

Сапардың басты мақсаты – студенттердің теориялық білімін тәжірибемен ұштастыру, туристік дестинациялардың тарихи-мәдени әлеуетін тереңірек таныту, сондай-ақ кәсіби құзыреттіліктерін арттыруға бағытталды. 

Аталған оқу-танымдық саяхат кафедраның тәжірибелі оқытушылары – Абдреева Ш.Т., Алиева Ж.Н., Артемьев А.М., Жакупова А.А., Әділбай Б.С. жетекшілігімен жоғары деңгейде ұйымдастырылып, студенттер үшін мазмұнды әрі есте қаларлық сапар болды. Сонымен қатар бұл сапар студенттердің ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттырып, олардың рухани дүниетанымын кеңейтті.