- Басты бет
- Жаңалықтар
- Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы Ресей Федерациясының Мемлекеттік басқару университетінен келген қонақтарды қабылдады
Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы Ресей Федерациясының Мемлекеттік басқару университетінен келген қонақтарды қабылдады
Ресей Федерациясының Мемлекеттік басқару университетінен келген қонақтар - т.ғ.к., доцент ШамаеваЕ.Ф. және э.ғ.к., доцент Головин А.А. үшін университет базасында кампус-тур ұйымдастырылды.
Экскурсия Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының аға оқытушысы Зубова О.А.-ның жетекшілігімен өтіп, қонақтарды университет пен кафедра қызметімен таныстыруға, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты дамытуға бағытталды.
Сапар аясында қонақтар ҚазҰУ кітапханасын, «Қашықтықтан зондтау технологиясы және оны қолдану» Қазақстан-Қытай бірлескен зертханасын, ҚазҰУ суперкомпьютерін, сондай-ақ География және табиғатты пайдалану факультетінің Тұрақты даму және табиғатты ұтымды пайдалану ғылыми орталығының зертханаларынаралады. 
Кампус-тур барысында серіктес университет өкілдері факультет пен университеттің заманауи материалдық-техникалық базасымен танысты. Кездесу қорытындысы бойынша Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі, г.ғ.к., профессор БазарбаеваТ.А.-мен бірлесіп, жоғары оқу орындары арасындағы білім беру және ғылыми салалардағы өзара іс-қимылдың перспективалық бағыттары айқындалды.
Сондай-ақ халықаралық байланыстарды нығайтуға және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға бағытталған ТДМ 17. «Тұрақты даму мүддесіндегі әріптестік» аясындағы ынтымақтастықты дамытуға ерекше назар аударылды.
Басқа жаңалықтар