ТДМ 13. «Климаттың өзгеруіне қарсы күрес» аясында «Климаттық фреска» ойыны форматындағы ашық сабақ — ҚазҰУ

91ý

ТДМ 13. «Климаттың өзгеруіне қарсы күрес» аясында «Климаттық фреска» ойыны форматындағы ашық сабақ

13 сәуір 2026
ТДМ 13. «Климаттың өзгеруіне қарсы күрес» аясында «Климаттық фреска» ойыны форматындағы ашық сабақ

Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының ағаоқытушысы Зубова О.А. «6В05108 – Биомедицина» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттерімен ТДМ 13 «Климаттың өзгеруіне қарсы күрес» аясында «Климаттық фреска» ойыны форматында ашық сабақ өткізді.

Ойын барысында арнайы ойын карточкаларықолданылды. Студенттер «Экологтар», «Метеорологтар», «Гидрологтар» және «ТЖ» командаларына бөлініп, қарастырылып отырған экологиялық мәселенің себептерімен салдарын талдап, себеп-салдарлық байланыстарды құрастырып, климаттың өзгеру тетіктері туралы тұтас түсінік қалыптастырды.

Әрбір команда жағдайдың даму барысына қатысты өз көзқарасын ұсынып, климаттық факторлардың қоршаған ортаға, халық денсаулығына және экожүйелердің тұрақтылығына әсер ету сценарийлерін модельдеді. Қорытынды кезеңде студенттер өз жұмыстарының нәтижелерін креативті және көрнекі түрде ұсынып, талдамалық ойлау қабілетін, бастамашылдығын және тұрақты даму тақырыбына жоғары деңгейде қызығушылық танытты.  
 

Сабақ барысында студенттер командалық өзара әрекетке белсенді қатысып, климаттың өзгеруінің негізгі себептері мен салдарын жан-жақты зерттеп, алған білімдерін практикалық модельдеу арқылы бекітті.

Сабақ өткізу экологиялық ойлауды дамытуға, командалық жұмысты нығайтуға және тұрақты даму мәселелеріне қызығушылықты арттыруға ықпал етті. Ойын студенттер тарапынан үлкен қызығушылық пен жоғары белсенділік тудырды.