- Басты бет
- Жаңалықтар
- Жас зерттеулердің жаңа бағыттары: «Фараби лемі» конференциясының «Жас ғалымдар» секциясының қорытындылары
Жас зерттеулердің жаңа бағыттары: «Фараби лемі» конференциясының «Жас ғалымдар» секциясының қорытындылары
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Филология жне лем тілдері факультетінде өткен «Фараби лемі» халықаралық ғылыми конференциясы аясында «Жас ғалымдар» секциясы өз жұмысын табысты жүргізді.

Секция жұмысына Қазақстанның жне шетелдің түрлі жоғары оқу орындарынан келген жас зерттеушілер қатысты. Атап айтқанда, л-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, SDU University, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, Өзбеклі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, сондай-ақ АҚШ-тың Джорджия университетінің өкілдері белсенділік танытты. Жалпы 129 өтінім қабылданып, олардың басым бөлігі л-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері мен жас ғалымдары болды.

Баяндамаларда дебиеттану, тіл білімі, аударматану жне заманауи тілдік үдерістерге қатысты өзекті мселелер қарастырылды. Атап айтқанда, көркем мтіндегі мдени кодтарды талдау, этнолингвистикалық зерттеулер, когнитивтік жне семиотикалық аспектілер, сондай-ақ жасанды интеллект құралдарын тіл үйрету мен аударма тжірибесінде қолдану мселелері кеңінен талқыланды.
Секция қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
I дрежелі дипломдар л-Фараби атындағы ҚазҰУ докторанты Дауылова Д.Ж.-ға «Әкім Таразидің «Жаза» романындағы отбасылық құндылықтар жүйесі: көркемдік модель жне аудармадағы мдени ерекшеліктер» тақырыбындағы жұмысы үшін жне магистрант Хисамидинов Р.-ға «Integrating artificial intelligence tools in IELTS speaking practice» тақырыбындағы зерттеуі үшін табысталды.
II дрежелі дипломдар сегіз қатысушыға беріліп, олардың зерттеулерінде морфологиялық концептілердің терминологиялық репрезентациясы, зооморфтық образдардың этномдени сипаты, «Ұмай ана» архетипінің мдени трансформациясы, ағылшын тіліндегі метафоралардың когнитивтік-семиотикалық ерекшеліктері, қазақ тіліндегі сыпайылық категориясы, көркем аудармадағы ұлттық нақышты сақтау жне нейрожелілік машиналық аударманың шектеулері сияқты мселелер қарастырылды.
III дрежелі дипломдар тоғыз қатысушыға табысталып, олардың еңбектерінде қазақстандық жастардың ағылшын тіліндегі сөйлеу интонациясы, қазіргі қазақ медиа дискурсы, тілдік жне мдени салыстырмалы зерттеулер, транслингвизм жне интертекстуалдық тәсілдердің оқытудағы рөлі сияқты өзекті тақырыптар қамтылды.
Секция жұмысы жас ғалымдардың ғылыми леуетінің жоғары екенін, олардың зерттеулерінің заманауи ғылыми талаптарға сай жүргізіліп жатқанын көрсетті. Сонымен қатар, секция аясында ұсынылған баяндамалар филология ғылымының әртүрлі бағыттарының өзара байланысын айқындап, болашақ ғылыми ізденістерге жаңа серпін берді.