География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасында ғылыми семинар өтті
14 сәуір 2026
География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасында 2026 жылғы 14 сәуір күні ғылыми семинар өткізілді.
Аталған семинарда «8D05202 – География» білім беру бағдарламасының докторанты Тулетаев Асхат Боромбаевич баяндама жасады. Баяндама тақырыбы: «Разработка научно-прикладных основ ландшафтно-агроэкологического районирования Туркестанской области».

Баяндама барысында зерттеуші Түркістан облысының табиғи-географиялық ерекшеліктерін, агроэкологиялық жағдайын жан-жақты талдап, аймақты ландшафттық-агроэкологиялық аудандастырудың ғылыми және қолданбалы негіздерін қарастырды. Сонымен қатар, зерттеу жұмысының өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, қолданылған әдістері мен алынған негізгі нәтижелері кеңінен баяндалды.
Зерттеу нәтижелері ауыл шаруашылығын тиімді дамыту, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету тұрғысынан маңызды екендігі атап өтілді.
ылыми жетекшісі – география ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор Скоринцева Ирина Борисовна.
Семинар барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға баяндама жасаушы нақты әрі мазмұнды жауаптар берді. Жалпы, семинар жоғары ғылыми деңгейде өтіп, ұсынылған ғылыми жұмыс өзектілігімен, теориялық және практикалық маңыздылығымен ерекшеленді.
Басқа жаңалықтар
16 маусым 2026