«Фараби әлемі» конференциясы аясында VII секция жұмысы қорытындыланды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Филология факультетінде өткен «Фараби әлемі» атты жас ғалымдар мен студенттердің халықаралық ғылыми конференциясы аясында «Тілдік және мәдениаралық байланыс: теориясы мен практикасы» атты VII секция өз жұмысын табысты қорытындылады.

Секция хатшысы – қазақ тіл білімі кафедрасының аға оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі А.О. Ақжігітова. Аталған секцияға барлығы 11 үміткер қатысуға өтінім білдірді. Оның ішінде 7 қатысушы – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дан, 3 қатысушы – ҚР ҰҚК Шекара академиясынан. Бір студент (Өмірзақ Ару) конференцияға қатыса алмады. Сонымен қатар, 8 қатысушының баяндамаларының тақырыптық сәйкессіздігіне байланысты басқа секцияларға ауыстырылды.

Секция барысында ұсынылған баяндамалар ғылыми талаптарға сай дайындалып, белгіленген регламент негізінде тыңдалды. Қатысушылар өз зерттеулерінде цифрлық коммуникация, интернет-сленг, тіл мәдениеті, тілдерді цифрландыру және жаһандану жағдайындағы тіл дамуы мәселелерін жан-жақты қарастырды.
Қазылар алқасының шешімі бойынша үздік жұмыстар төмендегідей марапатталды:
I дәрежелі диплом:
· Баурбек Мейірім (ҚР ҰҚК Шекара академиясы) – «Цифрлық ортадағы мәдениетаралық коммуникация».
ылыми жетекшісі: Камалбекова М.К.
II дәрежелі диплом:
· Леонтьева Ольга (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) – «Интернет-сленгтің жасөспірімдердің сөйлеу мәдениетіне әсері».
ылыми жетекшісі: ф.ғ.к., қауымдастырылған профессор Абдрахманова Ж.А.
· Исмаил Шәхсанам (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) – «Қазақ тілін цифрландыру: мүмкіндіктері мен даму бағыттары».
ылыми жетекшісі: аға оқытушы Ақжігітова А.О.
III дәрежелі диплом:
· Тұрар Эльдар (ҚР ҰҚК Шекара академиясы) – «Жаһандану дәуіріндегі түркі тілдерінің болашағы».
ылыми жетекшісі: Джарасбаева Ж.Х.
· Пешетбай Нұрғиса (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) – «Бауыржан Момышұлының қанатты сөздері және олардың тақырыптық ерекшеліктері».
ылыми жетекшісі: Қарабаева Х.Ә.
· Соколов Владислав (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) – «Қазіргі қазақ жастарының сөйлеу мәдениеті».
ылыми жетекшісі: Сәрсенбай Ж.А.
Сонымен қатар, секция жұмысына белсенді қатысқан 4 студент сертификаттармен марапатталды.
Аталған секция жас зерттеушілердің ғылыми ізденістерін қолдауға, тілдік және мәдениаралық коммуникация мәселелерін терең талқылауға және тәжірибе алмасуға мүмкіндік берген маңызды ғылыми алаң ретінде өз жұмысын жоғары деңгейде көрсетті.
Басқа жаңалықтар

