Магистранттар Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтті. — ҚазҰУ

91ý

Магистранттар Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтті.

11 сәуір 2026
Магистранттар Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтті.
Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында орналасқан Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институты ұлттық зерттеу университеті базасында шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтті.
Кафедрамыздың 7M07305 – «Кадастр» білім беру бағдарламасының 2-курс магистранттары 2026 жылғы 30 наурыз бен 10 сәуір аралығында Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында орналасқан Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институты ұлттық зерттеу университеті базасында шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтті.



Тағылымдама барысында магистранттар кадастр, жер ресурстарын басқару, геоақпараттық жүйелер және ауыл шаруашылығы салаларын цифрландыру бағыттары бойынша теориялық және практикалық білімдерін жетілдірді. Сонымен қатар, заманауи ғылыми зерттеу әдістерімен танысып, шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болды.