«Тарих және этнология мұражайына саяхат»
Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасының тыңдаушыларымен бірге Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) насихаттау аясында «Тарих және этнология мұражайына саяхат» тақырыбында танымдық іс-шара өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – тыңдаушыларды Тарих және этнология институтының ғылыми қызметімен таныстыру, сондай-ақ саяси репрессия тақырыбына қатысты өзекті мәселелерді талқылау және пікір алмасу болды. Шара барысында қатысушылар ғылыми-зерттеу институттарының еліміздің ғылымын дамытудағы маңызы туралы ақпарат алып, олардың қоғамдағы рөлімен танысты.
Сонымен қатар, тыңдаушылар қазақ халқына жасалған саяси репрессия кезеңі туралы тарихи мәліметтермен және статистикалық деректермен танысып, өз ой-пікірлерін ортаға салды. Іс-шара білім алушылардың тарихи санасын қалыптастыруға, сыни ойлау қабілетін дамытуға және азаматтық жауапкершілігін арттыруға бағытталды.
Басқа жаңалықтар