Деректер туралы ғылым қысқартылған 24-01 тобының студенттері арасында «Жауапты тұтыну және өндіріс» тақырыбында кураторлық ашық сабақ өткізілді. Бұл ашық сабақ студенттердің экологиялық ойлау қабілетін қалыптастыруға және ресурстарды саналы тұтынуға бағытталған. Сабақ барысында жауапты тұтынудың негізгі қағидалары қарастырылады: табиғи ресурстарды үнемдеу, қалдықтарды азайту, материалдарды қайта өңдеу және қайта пайдалану, сондай-ақ экологиялық таза өнімдерді таңдау. Сабақтың мақсаты — студенттерге күнделікті әдеттердің қоршаған ортаға әсерін түсіндіру және экологиялық сауатты мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру. Ерекше назар қалдықтарды сұрыптауға, пластикті пайдалануды азайтуға, суды және энергияны тиімді пайдалануға аударылады.
Куратор-эдвайзер: Абдуали Балжан Абдирасилқызы
Басқа жаңалықтар