№5 жатақханада студенттердің құқықтары мен міндеттері, заң талаптары және ішкі тәртіп ережелері жөнінде жиналыс өтті. Жиынға факультет деканының міндетін атқарушы Маншук Тынышқалиқызы қатысып, студенттермен ашық пікір алмасып, жатақханадағы тәртіп, қауіпсіздік және жауапкершілік мәселелеріне тоқталды. Сонымен қатар, студенттерге алдағы уақытта жатақханада шығармашылық орта қалыптастыру керектігін баса айтты. Кездесу барысында білім алушыларға заң талаптарын сақтау, қоғамдық тәртіпті бұзбау және жатақхана ережелерін ұстанудың маңыздылығы түсіндірілді.
Мұндай кездесулер студенттердің жауапкершілігін арттырып, ортақ тәртіп пен сыйластықты қалыптастыруға ықпал етеді.
Басқа жаңалықтар
5 маусым 2026
27 мамыр 2026
26 мамыр 2026