ҚазҰУ-да өткен білім беру көрмесі: болашақ мамандыққа бағыт — ҚазҰУ

91ý

ҚазҰУ-да өткен білім беру көрмесі: болашақ мамандыққа бағыт

13 сәуір 2026
ҚазҰУ-да өткен білім беру көрмесі: болашақ мамандыққа бағыт

2026 жылғы 13 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жоғары оқу орындары мен шетелдік ЖОО филиалдарының қатысуымен білім беру көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шараға 10–11 сынып оқушылары қатысып, еліміздің және шетелдік университеттердің білім беру бағдарламалары, оқу мүмкіндіктері мен қабылдау талаптары туралы кеңінен ақпарат алды. Көрме талапкерлерге болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға бағыт-бағдар беретін маңызды алаңға айналды. Көрме барысында Жасанды интеллект және Big Data кафедрасының аға оқытушысы Базарбек Жания профориентациялық жұмыс жүргізіп, талапкерлерге кафедраның білім беру бағдарламаларын таныстырды. Сонымен қатар, жасанды интеллект, деректер ғылымы және IT саласындағы заманауи бағыттар мен олардың болашағы туралы түсіндірме берілді. Іс-шара мазмұнды ақпарат алмасу алаңы ретінде өтіп, оқушылардың кәсіби бағдарын айқындауға оң ықпал етті.