ТДМ 1.«Жақсылық жасап жарысайық»Farabi University

91ý

ТДМ 1.«Жақсылық жасап жарысайық»

14 наурыз 2026
ТДМ 1.«Жақсылық жасап жарысайық»

ТДМ 1.«Жақсылық жасап жарысайық»
Тыңдаушыларға қасиетті Рамазан айының рухани маңызын түсіндіру, адамгершілік пен мейірімділік құндылықтарын насихаттау, жастарды жақсылық жасауға, қайырымдылыққа және мұқтаж жандарға көмек көрсетуге баулу.
Тұрақты даму мақсаттарының 1-ші бағыты – «Кедейлікті жою» аясында Жоғарғы оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасында айлардың сұлтаны – қасиетті Рамазан айында «Жақсылық жасап жарысайық» атты тәрбие сағаты ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында тыңдаушылар Рамазан айының адам өміріндегі орны мен маңызы туралы ой бөлісіп, бұл айда адамдардың бір-біріне көмектесіп, қайырымдылық жасап, игі істерге ұмтылуы керектігін атап өтті. Сонымен қатар, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор болу, мұқтаж жандарға қол ұшын беру – әрбір адамның азаматтық борышы екені айтылды. Айналасына мейірім мен жылулық сыйлап, игі амалдар жасау керектігі түсіндірілді.
Сондай-ақ, тыңдаушылар осы қасиетті айда түрлі игі істер жасап, қайырымдылық шараларына қатысып, жақсылық жасау арқылы қоғамға өз үлестерін қосты. Мұндай тәрбиелік мәні зор шаралар жастардың рухани дамуына ықпал етіп, олардың бойында ізгілік, жанашырлық және жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға септігін тигізеді.
«Жақсылық жасап жарысайық» атты тәрбие сағаты тыңдаушыларға ерекше әсер қалдырып, жақсылық жасауға деген ынталарын арттырды.