«Қоғамдық қауіпсіздік және жастар рөлі» тақырыбында ақпараттық кездесу
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті физика-техникалық факультетінің қатты дене физикасы және жаңа материалдар технологиясы кафедрасында студенттерге арналған «Қоғамдық қауіпсіздік және жастар рөлі» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды. Іс-шараға «Материалтану және жаңа материалдар технологиялары» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттері қатысты. Кездесу топтық деңгейдегі талқылау форматында өтіп, студенттерге заманауи мәселелерді егжей-тегжейлі талдауға мүмкіндік берді.
Кездесудің негізгі мақсаты – жастарды ұлттық тұрақтылықты қамтамасыз ету тетіктері туралы ақпараттандыру, олардың бойында берік азаматтық ұстанымды қалыптастыру, сондай-ақ студенттердің құқықтық және ақпараттық сауаттылығын арттыру болды. Осындай іс-шараларды өткізу кафедраның тәрбие жұмысының маңызды бағыты болып табылады. Бұл студенттердің сыни ойлау қабілетін дамытуға, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға және деструктивті идеологияларға қарсы иммунитетін нығайтуға бағытталған.
Қазіргі жаһандану және ақпарат алмасу үдерістері қарқынды дамыған жағдайда жастардың ақпаратты сыни тұрғыдан талдай білуі, ықтимал қауіптерді дұрыс бағалауы және құқықтық нормаларға негізделген шешім қабылдай алуы ерекше маңызға ие. Кездесу барысында студенттерге қоғамдық қауіпсіздіктің мәні, оның негізгі белгілері және қоғамға ықпалы туралы ақпарат берілді. Қауіпсіздік – дәстүрлі қоғамдық құндылықтар мен құқықтық нормаларды сақтауға негізделген маңызды фактор ретінде сипатталды.
Сонымен қатар заманауи сын-қатерлермен байланысты әлеуметтік және құқықтық тәекелдер талқыланды. Іс-шара аясында қауіпсіздіктің әртүрлі түрлері қарастырылып, олардың қоғамдық тұрақтылық пен қауіпсіздікке тигізетін әсері атап өтілді. Қоғамда тұрақсыздық тудыру мақсатында қолданылатын әртүрлі теріс әдістердің алдын алу мәселелеріне назар аударылды.
Кездесуде жастарды деструктивті әрекеттерге тарту тәсілдері туралы да сөз болды. Мұндай топтардың көбінесе сенім орнату арқылы идеологиялық материалдарды түрлі арналар арқылы тарататыны атап өтілді. Қазіргі жағдайда интернет пен әлеуметтік желілердің жиі қолданылатыны айтылып, жастарға жалған ақпараттан сақ болудың маңыздылығы түсіндірілді. Осыған байланысты студенттердің медиасауаттылығын дамыту және ақпарат көздерін сыни тұрғыдан талдай білу қажеттілігі ерекше атап өтілді.
Сонымен қатар кездесу барысында қауіпсіздіктің бұзылуының психологиялық, әлеуметтік және экономикалық салдары қарастырылды. Тұрақтылыққа төнетін қауіптер жастардың болашағына да елеулі қауіп төндіретіні айтылды. Осыған байланысты құқықтық ағартудың және ақпараттық түсіндіру жұмыстарының маңыздылығы атап өтілді. Студенттер талқылауға белсенді қатысып, өз пікірлерін білдірді. Ашық пікір алмасу форматы мәселелерді жан-жақты түсінуге мүмкіндік берді. Осындай іс-шаралар жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Өткізілген кездесу қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған тәрбие жұмысының бөлігі болды.
Басқа жаңалықтар