Білім мен өндіріс сабақтастығы: студенттердің тәжірибелік құзыреттерін дамытуFarabi University

91ý

Білім мен өндіріс сабақтастығы: студенттердің тәжірибелік құзыреттерін дамыту

15 сәуір 2026
Білім мен өндіріс сабақтастығы: студенттердің тәжірибелік құзыреттерін дамыту

6В07107 – «Электр энергетикасы» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері «Электр жабдықтарын іске қосу және жөндеу» пәні аясында аға оқытушы Игибаев Ж.Б. жетекшілігімен ПФ «Электросервис» ЖШС электротехникалық компаниясының өндірістік базасында танымдық семинарға қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, кәсіби практикалық дағдыларын дамыту болды.


ПФ «Электросервис» компаниясы 1991 жылдан бері отандық және Орталық Азия нарығында электротехникалық жабдықтарды монтаждау, іске қосу-баптау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу салаларында тұрақты дамып келе жатқан, сенімді әрі тәжірибелі кәсіпорындардың бірі болып табылады.

Семинар барысында студенттер өндірістік процестермен танысып, заманауи электр жабдықтарының жұмыс істеу ерекшеліктерін көріп, өздерін қызықтырған сұрақтарға толыққанды жауап алды.

Аталған іс-шара United Nations ұсынған Тұрақты даму мақсаттарына сәйкес келеді, атап айтқанда:

  • №4 ТДМ Сапалы білім – студенттердің практикалық дағдыларын дамыту арқылы білім беру сапасын арттыру;
  • №9 ТДМ Индустрия, инновациялар және инфрақұрылым – заманауи электротехникалық технологиялармен таныстыру және өндірістік тәжірибені жетілдіру.