Сейсмикалық қауіпсіздік — ел болашағының кепілі! — ҚазҰУ

91ý

Сейсмикалық қауіпсіздік — ел болашағының кепілі!

15 сәуір 2026
Сейсмикалық қауіпсіздік — ел болашағының кепілі!

Бүгін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Картография және геоинформатика кафедрасында ерекше маңызды көшбасшылық дәріс өтті. Дәріс спикері — «Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының» (СБЗҰҒО) Техногендік сейсмикалық белсенділік зертханасының меңгерушісі Бекболат Аханұлы Ташев.
Дәріс тақырыбы: «Қазақстанның сейсмикалық қауіпсіздігі: жаңа тәсілдер, негізгі сын-қатерлер және жас мамандардың рөлі».

Кездесу барысында еліміздің сейсмикалық жағдайы, техногендік факторлардың әсері және заманауи мониторинг технологиялары талқыланды. Студенттер мен жас ғалымдар сала маманынан тікелей жауап алып, өзекті мәселелер бойынша ой бөлісті.

Жиынның тағы бір маңызды сәті — дәріске Гренобль-Альпы университетінің профессоры Кристиян Сью (Christian Sue) қатысты. Халықаралық деңгейдегі сарапшының пікірі мен тәжірибесі талқылаудың ауқымын кеңейте түсті.
Сұрақ-жауап форматында өткен бұл кездесу жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушыларға үлкен кәсіби серпін берді.