Табиғи апаттардың алдын алу және болашақ мамандықтарды таныстыру — ҚазҰУ

91ý

Табиғи апаттардың алдын алу және болашақ мамандықтарды таныстыру

13 сәуір 2026
Табиғи апаттардың алдын алу және болашақ мамандықтарды таныстыру

Ақсуат ауылындағы «Қожагелді батыр атындағы орта мектебінде» көктемгі сел жүру қаупіне байланысты түсіндіру және алдын алу шараларына арналған кездесу өтті. Іс-шараға «Қазселденқорғау» ММ-нің «Абай аймақтық пайдалану басқармасы» филиалының қызметкерлері қатысып, оқушыларға табиғи апаттардың алдын алу, қауіпсіздік ережелерін сақтау және төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету жолдары туралы жан-жақты ақпарат берді.

Кездесу барысында мамандар көктем мезгілінде жиі кездесетін сел, көшкін және басқа да табиғи қауіптердің пайда болу себептері мен олардың салдары жөнінде айтып, оқушыларға қауіпсіздік шараларын түсіндірді. Сонымен қатар мектептің биылғы түлектеріне «Табиғи-техногендік қауіп-қатерлер» мамандығы таныстырылып, бұл бағыттың қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызы ерекше екені атап өтілді.

Шара барысында оқушылар мамандарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, табиғи апаттардан қорғану жолдары мен болашақ мамандық таңдауға қатысты пайдалы мәліметтер алды. Мұндай кездесулер жастардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырумен қатар, оларды табиғи және техногендік қауіптерді зерттейтін маңызды мамандықтарға қызықтыруға мүмкіндік береді.