Тұрақты даму мақсаты 4 «Сілтеме және оның түрлері» аясында ылыми зерттеу әдістері бойынша ашық семинар сабақFarabi University

91ý

Тұрақты даму мақсаты 4 «Сілтеме және оның түрлері» аясында ылыми зерттеу әдістері бойынша ашық семинар сабақ

15 сәуір 2026
Тұрақты даму мақсаты 4 «Сілтеме және оның түрлері» аясында ылыми зерттеу әдістері бойынша ашық семинар сабақ

2026 жылдың 15 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология және биотехнология факультетінде «Зоология» білім беру бағдарламасының 1-курс магистранты Сайранова Шұгұла Аманқызы педагогикалық практика аясында б.ғ.к., қауымдастырылған профессор Акмуллаева Айжан Сеиткановнаның жетекшілігімен бакалавриат 1-курс студенттерімен «ылыми зерттеу әдістемесі» пнінен ашық семинар сабағы өткізілді. Сабақтың мазмұны «Тура және жанама дәйексөздер, сілтемелерді рәсімдеудің техникалық талаптары, библиографиялық тізімді құрастыру және өзге ғылыми еңбектерді пайдалану» тақырыптарын қамтыды. Аталған іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарының 4-бағыты - «Сапалы білім беру» қағидаларын жүзеге асыру шеңберінде ұйымдастырылды. Сабақтың басты мақсаты студенттердің ғылыми мәтіндермен жұмыс істеу мәдениетін қалыптастыру, академиялық адалдық принциптерін түсіндіру және ақпаратты сауатты пайдалану дағдыларын дамыту болды. Бүгінгі күні жоғары білім беру жүйесінде білім алушылардың ғылыми сауаттылығы, ақпаратты талдап, оны дұрыс рәсімдеу қабілеті ерекше маңызға ие. Осыған орай, семинар барысында магистрант тура және жанама дәйексөздердің ерекшеліктерін кеңінен түсіндіріп, олардың ғылыми жұмыстарда қолданылу жолдарын нақты мысалдар арқылы көрсетті. Сонымен қатар, халықаралық стандарттарға сәйкес сілтеме жасау ережелері, библиографиялық тізімді дұрыс құрастыру тәсілдері және ғылыми дереккөздерді рәсімдеудің негізгі қағидалары қарастырылды. Бұл білімдер студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын сапалы орындауына мүмкіндік береді. Семинар барысында студенттер әртүрлі ғылыми материалдармен жұмыс істеп, дәйексөздерді дұрыс келтіру, сілтемелерді рәсімдеу және пайдаланылған әдебиеттер тізімін құрастыру дағдыларын тәжірибе жүзінде меңгерді. Сонымен бірге, ғылыми еңбектерді пайдалану кезінде плагиаттан сақтану, авторлық құқықты құрметтеу және ғылыми этика нормаларын сақтау мәселелері жан-жақты талқыланды. Сабақ барысында білім сапасын арттыру, сыни ойлау қабілетін дамыту және өмір бойы білім алуға бағытталған дағдыларды қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінді. Қазіргі ақпараттық қоғамда сенімді дереккөздерді іріктеу, оларды талдау және орынды қолдану - болашақ мамандар үшін маңызды құзыреттердің бірі болып табылады. Осы мақсатта интерактивті тапсырмалар мен пікірталастар ұйымдастырылып, студенттердің белсенділігі арттырылды.

Қорытындылай келе, бұл ашық семинар сабақ студенттердің академиялық жазу дағдыларын жетілдіруге, ғылыми ақпаратпен жұмыс істеу қабілеттерін дамытуға және сапалы білім алуға деген қызығушылығын арттыруға бағытталды. Іс-шара Тұрақты даму мақсаттарының №4 бағытын жүзеге асыруға өз үлесін қосып, білім беру үдерісінің сапасын арттыруға ықпал етті. Сонымен қатар, мұндай сабақтар білім алушылардың болашақ кәсіби және ғылыми қызметінде қажетті маңызды дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Зоология, гистология және цитология кафедрасы

#SDG #SustainableDevelopment #KazNU #SDG_KazNU #SustainableKazNU