- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Киберқауіпсіздік жне криптология» кафедрасы базасында «Қазпошта» АҚ Алматы қаласы қызметкерлеріне арналған біліктілікті арттыру курсы
«Киберқауіпсіздік жне криптология» кафедрасы базасында «Қазпошта» АҚ Алматы қаласы қызметкерлеріне арналған біліктілікті арттыру курсы
«Киберқауіпсіздік жне криптология» кафедрасы базасында «Қазпошта» АҚ Алматы қаласықызметкерлеріне арналған біліктілікті арттыру курсы өткізілді
Алматы, 2026 жыл
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Ақпараттық технологиялар жне жасанды интеллект факультеті, Киберқауіпсіздік жне криптология кафедрасы базасында Тұрақты даму мақсаттары (ЦУР) аясында«Киберқауіпсіздік: қауіптер моделі жне әлеуметтік инженерия» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өткізілді.
Өткізу мерзімі: 01.04.2026 ж. – 14.04.2026 ж.
Аталған білім беру бағдарламасы «Қазпошта» АҚ Алматы поштамты қызметкерлеріне арналды жне қазіргі цифрлық трансформация жағдайында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған кәсіби құзыреттерді жүйелі түрде дамытуға негізделді.
Курс мазмұны ЦУР 4 (Сапалы білім), ЦУР 9 (Индустрия, инновациялар жне инфрақұрылым) жне ЦУР 16 (Бейбітшілік, әділеттілік жне тиімді институттар) мақсаттарымен өзара үйлесімде қарастырылып, қатысушылардың цифрлық ортадағы қауіпсіз әрекет ету мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.
Оқу үдерісі барысында тыңдаушылар:
· ақпараттық жүйелер үшін қауіптер моделін құрудың ғылыми-әдістемелік негіздерін меңгерді;
· заманауи кибершабуылдардың типологиясын жне олардың жүзеге асу механизмдерін кешенді түрде талдады;
· жүйелік осалдықтарды анықтау мен тәуекелдерді бағалау тәсілдерін қарастырды;
· әлеуметтік инженерия әдістерін тану жне оларға қарсы тұрудың практикалық дағдыларын қалыптастырды.
Сабақтар оффлайн форматта ұйымдастырылып, теориялық білім практикалық тапсырмалармен интеграцияланды, бұл өз кезегінде қатысушылардың қолданбалы дағдыларын нығайтуға мүмкіндік берді.
Курсты кафедраның тәжірибелі оқытушылары жүргізді:
Ахмед Гүлмарал Жалғасбекқызы, аға оқытушы, әскери-іс жне қауіпсіздік ғылымдарының магистрі
Нарбаева Салтанат Муратбековна, аға оқытушы, техника ғылымдарының магистрі
Заманова Сауле Канабековна, аға оқытушы, техника ғылымдарының магистры
Бағдарлама қорытындысы бойынша барлық тыңдаушыларға белгіленген үлгідегі сертификаттар табысталды.
Жалпы алғанда, аталған курс тұрақты даму мақсаттары аясында қоғамның түрлі салаларындағы мамандардың цифрлық сауаттылығын арттыруға, ақпараттық қауіпсіздік мәдениетін жүйелі қалыптастыруға жне ұйымдық деңгейде киберқауіптерге төзімділікті күшейтуге бағытталған маңызды білім беру бастамасы болып табылады.
Басқа жаңалықтар