ТДМ 10: Теңсіздікті азайту – ортақ міндет
10.02.2026 ж. күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің №17 студенттер жатақханасында Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы Ә.Ж.Байелінің ұйымдасыруымен «ТДМ 10: Теңсіздікті азайту – ортақ міндет» атты іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты - студенттерге Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарының бірі – ТДМ 10 «Теңсіздікті азайту» бағыты туралы түсінік беру, әлеуметтік және экономикалық теңсіздік мәселелеріне назар аударту, жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыру. Іс-шара мынадай міндеттерді қамтыды:
• Теңсіздік ұғымы және оның қоғамдағы көріністері туралы ақпарат беру;
• Қазақстандағы және әлемдегі теңсіздік мәселелері бойынша мәліметтермен таныстыру;
• Студенттердің теңсіздікті азайтуға бағытталған ұсыныстарын талқылау;
• Әлеуметтік белсенділік пен еріктілік қызметтің маңыздылығын түсіндіру.
Іс-шара барысында студенттерге ТДМ 10 мақсатының негізгі бағыттары туралы қысқаша ақпараттық түсіндірме жұмысы жүргізілді. Қатысушылар теңсіздіктің негізгі себептері мен оны азайту жолдары туралы пікір алмасты. Талқылау кезінде білімге тең қолжетімділік, әлеуметтік қолдау шаралары және жастардың қоғамдық бастамаларға қатысуының маңыздылығы атап өтілді. Студенттер іс-шараға белсенді қатысып, өз ұсыныстарын ортаға салды. Пікіралмасу нәтижесінде студенттердің Тұрақты даму мақсаттары туралы білім деңгейі артты, әлеуметтік теңдік мәселелеріне жауапкершілікпен қарау көзқарасы қалыптасты және жастардың қоғамдық және еріктілік бастамаларға қатысу мүмкіндіктері арты.
Өткізілген іс-шара студенттердің теңсіздікті азайту мәселесі бойынша ақпараттылығын арттырып, әлеуметтік жауапкершілік сезімін қалыптастыруға ықпал етті. Алдағы уақытта осы бағыттағы тәрбиелік-танымдық жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру ұсынылады.
Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының
аға оқытушысы Ә.Ж.Байелі
Басқа жаңалықтар