- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Фараби әлемі» студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясының факультет деңгейіндегі жеңімпаздары марапатталды
«Фараби әлемі» студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясының факультет деңгейіндегі жеңімпаздары марапатталды
2026 жылғы 7–8 сәуір күндері Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Биология және биотехнология факультетінде студенттер мен жас ғалымдардың Фараби Әлемі өтті.
Конференцияға жалпы 378 тезис қабылданды, оның ішінде:
бакалаврлар – 154, магистранттар – 121, докторанттар – 103.
«ылымдағы алғашқы қадам» (мектеп оқушылары үшін) секциясына 40 тезис қабылданып, оның 33-і баяндалды.
Шетелдік жоғары оқу орындарынан 14 тезис қабылданды. Сонымен қатар, Қазақстанның басқа жоғары оқу орындарынан 62 тезис ұсынылды.
Қабылданған жұмыстардың 105-і баяндама түрінде ұсынылды.
Конференция аясында келесі 6 секция бойынша баяндама тыңдалды:
1. Ботаника және агроэкология саласындағы инновациялар
2. Жануарлардың биоалуантүрлілігі, экологиясы және морфологиясы
3. Биофизика, физиология, биологиялық білім, биомедицина және нейроғылымның қазіргі заманғы мәселелері
4. Генетика, молекулалық биология және экологияның өзекті мәселелері
5. Биотехнологияның қазіргі заманғы мәселелері
6. ылымға бастама (мектеп оқушыларына арналған)
6 секция бойынша жеңімпаздар анықталып, марапатталды.
Конференция қорытындысы бойынша факультет атынан жеңімпаздар анықталды:
І орын – «Генетика, молекулалық биология және экологияның өзекті мәселелері» секциясынан
Андакбаев Дархан Булекович (4 курс студенті)
ІІ орын – «Биофизика, физиология, биологиялық білім беру, биомедицина және нейроғылымдардың заманауи мәселелері» секциясынан
Елиубаев Канат Омирбайулы (2 курс магистранты)
ІІІ орын – «Жануарлар биоалуантүрлілігі, экологиясы және морфологиясы» секциясынан
Таиров Ильнур Амражанович, Абдреимова Дильбара Ренатовна (2 курс студенттері)
Факультет атынан барлық жеңімпаздарды марапаттарымен құттықтаймыз және алдағы ғылым жолында үлкен табыстар тілейміз.



Басқа жаңалықтар