Жаңа Конституция – заманауи қоғам дамуының негізіFarabi University

91ý

Жаңа Конституция – заманауи қоғам дамуының негізі

15 сәуір 2026
Жаңа Конституция – заманауи қоғам дамуының негізі

2026 жылғы 15 сәуірде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультетіне қарасты Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының аға оқытушысы Сагинаев Мейржан Егінбайұлы Шығыстану факультетінің оқытушы-профессорлар құрамына, сондай-ақ магистранттар мен докторанттарға “Жаңа Конституция және қазіргі қоғам” тақырыбында мазмұнды дәріс оқыды.
Дәріс барысында жаңа Конституцияның негізгі қағидаттары, оның қоғамдағы рөлі мен құқықтық мемлекет қалыптастырудағы маңызы жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар, қазіргі кезеңдегі құқықтық реформалар мен азаматтық қоғамды дамыту мәселелері қозғалып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.