Гомеопатиялық және галендік препараттар: өндіру технологиялары және қолданылуы — ҚазҰУ

91ý

Гомеопатиялық және галендік препараттар: өндіру технологиялары және қолданылуы

10 сәуір 2026
Гомеопатиялық және галендік препараттар: өндіру технологиялары және қолданылуы

2026 жылғы 10 сәуірде «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті»-нің КеАҚ органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы мен технологиясы кафедрасы базасында «Гомеопатиялық және галендік препараттар: өндіру технологиялары және қолданылуы» тақырыбында ғылыми-білім беру іс-шарасы өткізілді.

Іс-шара «6В07201 – Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасының студенттеріне арналды.

Дәрістермен шетелдік шақырылған оқытушылар – Ташкент фармацевтикалық институты-ның доценттері, химия ғылымдарының кандидаттары: Пазылбекова Замира Танырбергеновна және Рахимова Ойгуль Рахимовна сөз сөйледі.

Дәрістер барысында келесі мәселелер жан-жақты қарастырылды:

- гомеопатиялық препараттарды алудың заманауи тәсілдері, соның ішінде потенциялау, сұйылту және стандарттау кезеңдері; 

- өсімдік тектес шикізат негізіндегі галендік препараттарды (тұнбалар, экстракттар, қайнатпалар) өндірудің технологиялық ерекшеліктері және бастапқы шикізат сапасына қойылатын талаптар;

- дәрілік түрлердің тұрақтылығы, қауіпсіздігі және тиімділігін қамтамасыз ету мәселелері;

- фармацевтикалық өнім сапасын бақылауға қойылатын нормативтік-техникалық құжаттар мен халықаралық талаптар;

- дәстүрлі дәрілік құралдарды өндіруге инновациялық технологияларды енгізу перспективалары.

Гомеопатиялық және галендік препараттарды салыстырмалы талдауға, олардың заманауи фармакотерапиядағы орнына және медициналық тәжірибеде ұтымды қолдану мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Іс-шараға сондай-ақ кафедра меңгерушісі, химия ғылымдарының кандидаты, профессор Ирмухаметова Г.С., химия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Литвиненко Ю.А. және аға оқытушы Аликулов А.Ж. қатысты.

Аталған іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымы айқындаған Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруға тікелей ықпал етеді: ТДМ 3: Сапалы денсаулық және әл-ауқат – заманауи және дәстүрлі дәрілік препараттар туралы білімді дамыту медициналық көмектің сапасын арттыруға ықпал етеді; ТДМ 4: Сапалы білім – студенттерді заманауи біліммен және халықаралық тәжірибемен қамтамасыз ету; ТДМ 9: Индустрия, инновациялар және инфрақұрылым – фармацевтикалық технологияларды дамыту және инновацияларды енгізу; ТДМ 17: Тұрақты даму үшін әріптестік – Қазақстан мен Өзбекстан ЖОО арасындағы ынтымақтастықты нығайту.