- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Геоинформатика» білім беру бағдарламасы докторантының ғылыми-зерттеу тағылымдамасы
«Геоинформатика» білім беру бағдарламасы докторантының ғылыми-зерттеу тағылымдамасы
«Геоинформатика» білім беру бағдарламасының 3-курс докторанты Қайрат Қанатұлы Ауғамбаев Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты базасында ғылыми-зерттеу тағылымдамасынан өтуде.
Тағылымдама барысында докторант институт мамандарымен бірлесе отырып, тәжірибелік егістік алқаптарындағы өсімдіктердің жай-күйін бағалау мақсатында геоақпараттық технологиялар мен қашықтықтан зондтау әдістерін қолдануда. Зерттеу жұмыстары аясында ауыл шаруашылығы дақылдарының вегетациялық жағдайына талдау жүргізіліп, кеңістіктік деректер өңделіп, мониторинг нәтижелері интерпретациялануда.

Сонымен қатар Қайрат Ауғамбаев тыңайтқыш енгізу, өсімдіктердің өсуін бақылау және ауыл шаруашылығы дақылдарын күтіп-баптау сияқты далалық агротехникалық іс-шараларға белсенді қатысуда. Практикалық жұмыстар геоақпараттық технологияларды ауыл шаруашылығы саласында қолдану бойынша құнды тәжірибе жинақтауға және геоинформатика мен аграрлық ғылымдардың тоғысындағы зерттеулерді дамытуға мүмкіндік береді.
Тағылымдама барысында алынған нәтижелер докторанттың алдағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына пайдаланылып, ауыл шаруашылығы алқаптарын мониторингтеудің заманауи әдістерін дамытуға өз үлесін қосады.
Басқа жаңалықтар