ылым мен патриотизм: «Тәуелсіздік коды» — ҚазҰУ

91ý

ылым мен патриотизм: «Тәуелсіздік коды»

8 желтоқсан 2025
ылым мен патриотизм: «Тәуелсіздік коды»

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың КеАҚ химия және химиялық технология факультетінің органикалық заттар химиясы және технологиясы, табиғи қосылыстар мен полимерлер кафедрасының қабырғасында 2025 жылғы 08.12 күні 6В07201 – «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттеріне арналған интерактивті викторина-квест форматында жарқын тәрбиелік іс-шара өтті.

Аталған іс-шараға х.ғ.к., қауымдастырылған профессор Литвиненко Ю.А. және х.ғ.к., аға оқытушы Үмбетова А.К. қатысты.

1-курс магистранты, 7М07106 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» білім беру бағдарламасының студенті София Бержанская студенттерге мемлекеттік мерекелерге жаңаша көзқарас ұсынып, патриотизм мен ғылымды ұштастырған ерекше форматты таныстырды.

«Кодты» қалай аштық?

Студенттер бес қызықты раундтан өтті:

Жылыну және эмодзи-химия: қатысушылар визуалды жұмбақтар арқылы Қазақстанның табиғи байлықтарын (мұнай, уран) анықтады;

«Химиялық детектив»: Жезқазған мысынан бастап болашақ сутек энергетикасына дейінгі елдің металлургиялық әлеуетіне қатысты сұрақтарға жауап іздеді;

«Ақиқат па, әлде миф пе?»: ұлттық рәміздер мен алтынның қасиеттері туралы білімдері тексерілді.

Квесттің қорытынды кезеңі ретінде «Тәуелсіздік коды» — тарихи 16.12.1991 датасын жинау болды, ол ойынның соңғы кілтіне айналды.

Аталған іс-шара БҰҰ-ның бірнеше Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруға тікелей ықпал етеді: ТДМ - 4: Сапалы білім беру - ойын элементтері мен интерактивті оқыту (edutainment) сыни ойлау қабілетін дамытып, ғылыми дүниетанымды қалыптастырады және оқу процесін терең әрі қызықты етеді; ТДМ - 9: Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым - Қазақстан экономикасындағы химия ғылымының рөлі (уран өнеркәсібі, жаңа технологиялар, энергетика) ғылыми-техникалық прогрестің тұрақты даму үшін маңызын көрсетеді; ТДМ - 17: Тұрақты даму үшін серіктестік — квест барысында студенттердің командалық жұмысы коммуникацияны нығайтып, бірлескен шешім қабылдау дағдыларын дамытады, бұл жаһандық мақсаттарға жетудің маңызды құралы болып табылады.