"Жоғары білім беру институтынан кейінгі академиялық және мансаптық жол"
2025 жылғы 16 сәуірде «Аймақтану» білім беру бағдарламасының магистранттары — Абдусаттар Диана мен Жалғас Жұмабеков — ғылыми-зерттеу және педагогикалық практика аясында “Аймақтану” және “Халықаралық қатынастар” білім беру бағдарламасының 2 курс студенттеріне (топ куратор-эдвайзерлері: Идрышева Ж.Қ., Апсаттарова Г.А.) “Жоғары білім беру институтынан кейінгі академиялық және мансаптық жол” тақырыбында іс-шара өткізді. Практика жетекшілері: А.Т. Кульбаева, Л.Т. Исова.
Іс-шара барысында БҰҰ-ның «Сапалы білім» атты 4-мақсатын жүзеге асыру аясында білімнің маңыздылығы мен оның қоғам игілігіне қызмет ету жолдары талқыланды. Сонымен қатар, ұсынылған тақырып аясында академиялық траекторияларды жоспарлау, кәсіби бағдарлану және еңбек нарығындағы заманауи талаптарға бейімделу мәселелері жан-жақты қарастырылды. Студенттер тарапынан белсенді қызығушылық байқалып, талқылау барысында олардың сыни ойлау дағдылары мен кәсіби бағдарға деген ынтасының жоғары деңгейде екендігі көрініс тапты.


