Жұқпалы және жұқпалы емес аурулар Дөңгелек үстел және экскурсия — ҚазҰУ

91ý

Жұқпалы және жұқпалы емес аурулар Дөңгелек үстел және экскурсия

16 сәуір 2026
Жұқпалы және жұқпалы емес аурулар Дөңгелек үстел және экскурсия

2026 жылғы 16 сәуірде С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті биотехнология кафедрасының оқытушылары: Қайырманова Г.К., Мухатаева К.А., Абдиева Г.Ж., Уалиева П.С., Нармуратова М.Х., Оразова С.Б., Мәлік А.М. «Биотехнология» мамандығының 3 курс студенттеріне университеттің «Қалыпты анатомия» мұражайында дөңгелек үстел форматындағы экскурсия ұйымдастырды.

Іс-шараны медицина ғылымдарының кандидаты, қалыпты анатомия кафедрасының доценті Шакенов Бауыржан Шәкенұлы жүргізді. Экскурсия барысында студенттер мұражай экспозицияларымен танысып, сонымен қатар жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың себептері, олардың алдын алу жолдары және салауатты өмір салтының маңызы туралы пікір алмасты. Мұражай тарихы 1931 жылдан бастау алады. Экспозицияда адамның қалыпты анатомиялық мүшелері — буындар, тыныс алу жүйесі, несеп-жыныс жүйесі, асқазан-ішек жолдары, әртүрлі бұлшықеттер және басқа да құрылымдар көрсетілген. Сонымен қатар, мұражайда дұрыс емес өмір салты мен зиянды әдеттердің әсерінен туындауы мүмкін туа біткен ақаулар да ұсынылған. Олардың қатарында анэнцефалия (мидың туа біткен болмауы), аяқтары біріктірілген нәрестелер («су перісі» феномені), сиам егіздері және басқа да даму патологиялары бар. Іс-шара студенттердің теориялық білімдерін практикамен ұштастыруға, медициналық мәдениетін арттыруға және кәсіби қызығушылығын дамытуға мүмкіндік берді.