Цифрлық білім беру: жасанды интеллект және инновациялық оқыту технологияларыFarabi University

91ý

Цифрлық білім беру: жасанды интеллект және инновациялық оқыту технологиялары

1 сәуір 2026
Цифрлық білім беру: жасанды интеллект және инновациялық оқыту технологиялары

2026 жылдың 16–31 наурызы аралығында Біліктілікті арттыру институты әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың химия және химиялық технология факультетінің профессор-оқытушылар құрамына арналған “Жоғары оқу орындары пәндерін оқытудағы инновациялық технологиялар мен цифрлық құралдар” курсын өткізді. Оқу үдерісі онлайн және офлайн форматта ұйымдастырылып, қатысушыларға өздеріне ыңғайлы форматты таңдауға мүмкіндік берді.

Курс қатысушыларға өте пайдалы болды, себебі ол оқытушыларды кәсіби қызметте жасанды интеллектті қолдану мүмкіндіктерімен таныстырды. Қатысушылар  оқу-әдістемелік үдерісте, материалдар дайындауда, сабақтарды ұйымдастыруда және жұмыс тиімділігін арттыруда заманауи жасанды интеллект құралдарын пайдалануды үйренді.