Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне ресми сапармен Бельгияның Ghent University экономикалық география кафедрасының профессоры келді.Farabi University

91ý

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне ресми сапармен Бельгияның Ghent University экономикалық география кафедрасының профессоры келді.

17 сәуір 2026
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне ресми сапармен Бельгияның Ghent University экономикалық география кафедрасының профессоры келді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің География және табиғатты пайдалану факультетіне ресми сапармен Frank Witlox — Бельгиядағы Ghent University экономикалық география кафедрасының профессоры әрі меңгерушісі келді.

Сапар аясында факультет және кафедра басшылығымен жұмыс кездесулері өтіп, академиялық және ғылыми ынтымақтастықтың болашағы талқыланды. Ерекше назар келесі мәселелерге аударылды:
— бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру,
— студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығы,
— бірлескен ғылыми жарияланымдар мен оқу материалдарын дайындау.

Профессор Frank Witlox сондай-ақ факультеттің білім беру үдерісімен, ғылыми бағыттарымен және зерттеу инфрақұрылымымен танысты.

Бұл сапар халықаралық серіктестікті дамытудағы, ғылыми байланыстарды нығайтудағы және факультеттің жаһандық деңгейдегі академиялық беделін арттырудағы маңызды қадам болып табылады.

География және табиғатты пайдалану факультеті халықаралық ынтымақтастықты белсенді түрде дамытуды жалғастырып, студенттер мен оқытушылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашуда.