Алматы қаласында «ылым аллеясының» ашылуы: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өкілдерінің экологиялық акцияға қатысуыFarabi University

91ý

Алматы қаласында «ылым аллеясының» ашылуы: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өкілдерінің экологиялық акцияға қатысуы

11 сәуір 2026
Алматы қаласында «ылым аллеясының» ашылуы: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өкілдерінің экологиялық акцияға қатысуы

Алматы қаласы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасы жанындағы Қоғамдық даму орталығының шақыруымен академиялық қауымдастық өкілдері Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының аумағында өткен экологиялық акция мен «ылым аллеясының» салтанатты ашылуына қатысты.

 

Іс-шараға ғалымдар, академиктер, мемлекеттік органдардың өкілдері және қоғам қайраткерлері қатысты. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің атынан Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының профессор-зерттеушісі, заң ғылымдарының докторы Ж.А. Кегембаева қатысып, университеттің қаладағы қоғамдық маңызы бар және экологиялық бастамаларға белсенді атсалысатынын айқындады.

 

Акция аясында тұрақты дамуды, ғылыми білімнің сабақтастығын және келешек ұрпаққа деген қамқорлықты білдіретін сәндік ағаштар – туялар отырғызылды. «ылым аллеясы» тек аумақты абаттандыру элементі ғана емес, сонымен қатар ғылымға деген құрметтің, ғылым, қоғам және мемлекет арасындағы өзара ықпалдастықтың маңызды символына айналмақ.

 

Іс-шараның ерекше маңыздылығы оның жыл сайын 12 сәуірде атап өтілетін Қазақстан Республикасы ғылым қызметкерлері күні қарсаңында өткізілуімен де айқындалады. Қазіргі жағдайда ғылымды, инновацияларды және жасанды интеллектіні қоса алғанда, технологияларды дамыту мемлекеттік саясаттың стратегиялық басымдықтарының бірі болып табылады. Бұл бағыт Қасым-Жомарт Тоқаевтың әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға жуырдағы сапары барысында да атап өтілді.

 

Айта кету керек, экологиялық күн тәртібі мен тұрақты даму мәселелері елдегі конституциялық жаңғыру үдерістерінде де көрініс табуда. Ағымдағы жылдың наурыз айында өткен референдумда қабылданып, шілде айында күшіне енетін Қазақстан Республикасының жаңа редакциядағы Конституциясы қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық мәдениетті дамыту сияқты заманауи басымдықтарды бекітеді.

 

Мұндай іс-шараларды өткізу қоғамда қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға және экологиялық сананы арттыруға бағытталған «Таза Қазақстан» республикалық бастамасының мақсаттарына да толық сәйкес келеді.

 

Билік өкілдерінің, ғылыми қауымдастық пен азаматтық сектордың қатысуы тұрақты даму міндеттерін шешуде күш-жігерді біріктірудің маңыздылығын көрсетеді. «ылым аллеясының» ашылуы осы өзара іс-қимылдың жарқын үлгісіне айналып, түрлі әлеуметтік топтарды ортақ құндылықтар төңірегінде тоғыстырды.

 

«ылым аллеясының» құрылуы ғылымды дамытуға, экологиялық мәдениетті нығайтуға және ел болашағына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға деген ұмтылысты білдіреді.