«Ауқымды және әділетті сапалы білім беруді қамтамасыз ету және барлығы үшін бүкіл өмір бойы оқу мүмкіндігін көтермелеу»Farabi University

91ý

«Ауқымды және әділетті сапалы білім беруді қамтамасыз ету және барлығы үшін бүкіл өмір бойы оқу мүмкіндігін көтермелеу»

19 ақпан 2026
«Ауқымды және әділетті сапалы білім беруді қамтамасыз ету және барлығы үшін бүкіл өмір бойы оқу мүмкіндігін көтермелеу»

    Философия және саясаттану факультеті, Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасында «Тұрақты дамудың 17 мақсатының «Ауқымды және әділетті сапалы білім беруді қамтамасыз ету және барлығы үшін бүкіл өмір бойы оқу мүмкіндігін көтермелеу» Мақсат 4: бойынша кеңейтілген ғылыми семинар өтті. Кафедра меңгерушісі профессор Н.С.Әлқожаева ғылыми семинардың мақсатымен таныстырды. Семинарға философия ғылымдарының докторы, профессор Аташ Б.М., педагогика ғылымдарының кандидаты асс.профессор Аринова Б.А., п.ғ.к., доцент Дүйсенбаев А.Қ, ғылыми-инновациялық қызмет пен халықаралық ынтымақтастық бойынша кафедра меңгерушісінің орынбасары Мурзагулова М.Д және аға оқытушы Аязбаева Б.Б. қатысты.

     Экономика және Бизнес Жоғары мектебінің 2 курс докторанты Жиенбаев Ерулан Әсентайұлының «Адами капиталды өлшеуге арналған «Толық адам (Tolyq Adam)» моделі: таныстыру және сараптамалық кері байланыс жинау» тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмысы талқыланды. Семинар барысында адами капиталды кешенді өлшеудің тұжырымдамалық негізі ретінде «Толық адам» ілімі алынып, мәселе философиялық, психологиялық, педагогикалық аспектілерде қарастырылды. Докторант ұсынған  адами капиталды құндылық-бағдар, ерік-әрекет, ойлау сапасы және функционалдық қабілет негізінде кешенді өлшеуге арналған интегративті модель «жүрек-қайрат-ақыл» біртұтастығында дәйектеліп, қосымша қабат денсаулық капиталы және  hard skills, soft skills әдістері арқылы зерделенді.

    Сұрақ-жауап дискурсында аталған мәселе жан-жақты талданып, ұсыныстар берілді. Профессор Н.С.Әлқожаева «Абай шығармаларының өзегі адамгершілік пен руханилық болса, данышпан ақынның тұжырымында толық адам-бұл адами құндылықтарды бойына жинақтаған, ғылым мен білімді өрелі оймен  пайымдайтын білгір, имандылық пен ізгілікті рухани азық етіп жеке тұлға болып қалыптасқан адам» деп қорытындылады.