«Қаржылық сауаттылық – табысты болашақ» атты ашық тәрбие сағаты
2026 жылдың 18 наурызында М. Жамбылқызының жетекшілігімен докторант Саматқызы М. және 1-курс магистранты А.Р. Джакипованың ұйымдастыруымен «Қаржылық сауаттылық – табысты болашақ» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. Іс-шара БҰҰ-ның ТДМ 4: «Сапалы білім» стратегиялық мақсатын іске асыру шеңберінде білім алушылардың қаржылық мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.

Тәрбие сағаты барысында магистранттар әлемдік бестселлерлер – «Rich Dad Poor Dad» және «The Richest Man in Babylon» кітаптарының негізгі идеяларын талқылады. Қатысушылар қаржылық ойлау, активтер мен пассивтерді ажырату, табысты тиімді басқару және жинақтау стратегияларын терең талдады. Топтық жұмыс форматында студенттер нақты жағдаяттарды қарастырып, қазіргі жастар үшін қаржылық тәуелсіздікке жетудің практикалық жолдарын ұсынды. Шара соңында рефлексия жүргізіліп, білім алушылар саналы шешім қабылдаудың болашақ табысқа әсері туралы қорытынды жасады.

Ұйымдастырушылар: Түркітану және тіл теориясы кафедрасының PhD, доцент м.а. М. Жамбылқызы, докторант М. Саматқызы және 1-курс магистранты А.Р. Джакипова.
Басқа жаңалықтар