ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ МЕН МЕКТЕП САБАҚТАСТЫҒЫНДАҒЫ ТӘРБИЕ САҒАТЫ
2026 жылдың 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Философия және саясаттану факультеті Педагогика және білім берудегі менеджмент кафедрасының оқытушылары жетекшілері К.А. Есенова, А. Альчимбаева Алматы қаласындағы «Озат» мектебінде педагогикалық практика аясында «Ғажап әлемнің гүл бағы» әдеби- музыкалық кеш өткізді.
Педагогикалық практиканың негізгі талап-ережелеріне сай ашық сабақ пен тәрбиелік іс-шара өткізу міндеттеледі. Практика жетекшілерінің нұсқаулығына сай тәрбие сағаттарының өту форматы заманауи жаңашыл типология қолдану көзделдді.
Шараның басты мақсаты – оқушылардың анаға, қыз балаға деген құрметін арттыру, отбасы құндылықтарын насихаттау және рухани-адамгершілік тәрбие беру.
Педагогикалық тәжірибе өтуші білім алушылар мен мектеп ұстаздары бірлесе отыра, мерекелік шараны музыкалық қойылым форматында құрастырды. Әр сынып тарапынан тақырыптық киім үлгісі, ерекше номер, әсем құттықтау айдары талап етілді. Мереке қарсаңында үздік тақырыптық газет бейнесі, шығармашылық жұмыс, үздік эссе-құттықтау, үздік бейнеролик, креативті репортаж сынды конкурстық жұмыстар жарияланып, шара барысында номинациялар табысталды.
Бұл іс-шарада қазақ поэзиясының көрнекті өкілдері, сыршыл лирик ақындарымыздың әйел адамзатына арналған өлең-жырлары оқылып, әсем әндер шырқалды. Әдебиет пен музыканың үйлесімі, көктемнің жылы лебі, әр сыныптың ерекше музыкалық тартулары жиналған қауымның жүрегіне ерекше сезім ұялатты. Ер балалар көктемнің сұлулығы, Ана тақырыбына арналған қойылымдары – бәрі де сол кештің басты тақырыбына айналды.
Оқушылар классикалық поэзия, заманауи проза және жанды дауыстағы музыкалық туындылар ұштасқан тамаша бағдарлама ұсынды. Сахнада аспаптық нөмірлер мен вокалдық орындаулар кештің шырайын келтірді. Сонымен қатар, сыныптық қойылымдар қатарында: Бозжарға биі. (мектепалды даярлық тобының оқушылары); Көктемде, көктемде әні. (1 Ә сыныбының оқушылары); Гитаристтер серенадасы. (1 А сыныбының оқушылары); «Ақындар жырлайды». (4 сыныбының оқушыларының қазақ ақын-жазушыларының өлеңдерінен құралған поппури); «Тұлпарым» (2 сынып оқушыларының импровизациялық биі); «Құстар қайтып келеді» (2 Б сынып оқушыларының импровизациялық биі); «Ақ дидарлы анашым» 3 Ә сыныбының оқушылары. «Абзал ана». (3 сынып оқушыларынан құралған вокалды топ), және т.б.
Шараның кульминациялық кезеңінде оқушылардың «Ана» тақырыбына арналған «қылқалам шебері» атты сурет салу өнері ұйымдастырылды. Сонымен қатар, алдын-ала берілген тапсырма бойынша эссе оқу жарысы тыңдалды. Оқушылардың ұсынылған эсседерін бағалау барысында бірнеше критерийлер қойылды: мәнерлеп оқу, креативті ұсыным, ой-толғам деңгейі және сұраққа жауап. Сондай-ақ авторлық өлең арнау.
«Қылқалам шебері» атты сурет салу өнері бойынша арнайы эксперт мамандар сарапшылық қызмет атқарды және жеңімпаздарды мотивациялау мақсатында даңқты суретшілер көрмелеріне және сурет сабағына арналған шеберлік-сыныптарға жолдама табыстады. Эссе айдары бойынша үздіктерді әлеуметтік желіге, ашық әдеби порталдарға және қосымша балалар баспасына жариялатындығы хабарланды. Сонымен бірге авторлық үздік өлеңдер челленджі жеңімпаздарына еліміздің ақын-жазушыларының өлең жинағы, көркем шығармалары жинақталған 2 томдық кітаптар, блокнот, «Болашақ ақын» қаламымен марапатталды.
Мерекелік кеш соңында оқушылар алғыс хаттармен марапатталып, әр сынып ұлдарының қыздарға дайындаған сый-сыяпаты сыйға тартылды және мектеп тарапынан тәттілер ұсынылды.