- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Қонақ үй индустриясындағы заманауи технологиялар: Rixos мысалында» тақырыбындағы ашық кураторлық іс-шара
«Қонақ үй индустриясындағы заманауи технологиялар: Rixos мысалында» тақырыбындағы ашық кураторлық іс-шара
15 сәуір күні География және табиғатты пайдалану факультеті, Рекреациялық география және туризм кафедрасы аясында «Туризм» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттеріне арналған «Қонақ үй индустриясындағы заманауи технологиялар: Rixos мысалында» тақырыбында ашық кураторлық іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 9-шы - индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым және 17-ші - тұрақты даму мақсаттары үшін серіктестік бағыттарына сәйкес өткізілді.
Аталған іс-шара «Туризм» білім беру бағдарламасының 1-курс магистранттары Нұрлан Айым, Худайбергенова Жұлдыз, Сағат Айгерім және Тынымбай Дананың оқытушылық тағылымдамасы аясында ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында студенттер қонақ үй индустриясындағы заманауи технологиялардың даму үрдістерімен танысып, цифрлық трансформацияның қонақ үй бизнесіндегі тиімділігі туралы мәлімет алды. Сонымен қатар, халықаралық меймандостық стандарттарын енгізу, қызмет көрсету сапасын арттыру және инновациялық басқару жүйелерін қолдану мәселелері қарастырылды.
Теориялық ақпаратты тәжірибемен ұштастыру мақсатында Rixos Almaty қонақ үйіне оқу-танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында студенттер қонақ үйдің ішкі құрылымымен, қызмет көрсету деңгейімен, басқару ерекшеліктерімен және заманауи технологиялық жабдықталуымен танысты.
Іс-шара студенттердің кәсіби қызығушылығын арттырып, болашақ туризм мамандары ретінде қонақ үй индустриясындағы инновациялық үрдістерді түсінуге мүмкіндік берді.
Аталған іс-шара кафедра меңгерушісі, PhD Байбуриев Р.М., кафедра оқытушылары — г.ғ.к., доцент Алиева Ж.Н., г.ғ.к., доцент Абдреева Ш.Т., сондай-ақ педагогикалық практиканың жетекшісі — педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының пед.ғ.к., аға оқытушысы Баярыстанова Э.Т. жетекшілігімен жоғары деңгейде ұйымдастырылып, студенттер үшін мазмұнды әрі танымдық мәні жоғары тәжірибелік іс-шара болды.