«Бабыл кітапханасы және лабиринт метафорасы»Farabi University

91ý

«Бабыл кітапханасы және лабиринт метафорасы»

17 сәуір 2026
«Бабыл кітапханасы және лабиринт метафорасы»

17 сәуір күні «Қазақ филологиясы» мамандығының 3-курс студенттерімен «Бабыл кітапханасы және лабиринт метафорасы» тақырыбында әдеби кездесу ұйымдастырылды. Аталған іс-шара барысында Ақбота Абиыр студенттерге мазмұнды лекция оқып, Хорхе Луис Борхес шығармашылығының ерекшеліктерін жан-жақты таныстырды.

Кездесу барысында Борхестің «Бабыл кітапханасы» әңгімесіндегі шексіздік, хаос пен тәртіп, адам танымының шектеулілігі сияқты философиялық ұғымдар кеңінен талқыланды. Лекцияда лабиринт метафорасын талдай отырып, оны адам өмірінің, білім іздеу жолының және әлемді тану үдерісінің күрделілігімен байланыстыра түсіндірді. Бұл студенттердің шығарманы тереңірек түсінуіне және әдеби мәтінге сыни тұрғыдан қарауына ықпал етті.

Әдеби кездесу интерактивті форматта өтіп, студенттер өз пікірлерін білдіріп, сұрақтар қойып, талқылауға белсенді қатысты. Нәтижесінде білім алушылардың шетел әдебиетіне, соның ішінде модернистік бағыттағы шығармаларға деген қызығушылығы арта түсті.

Жалпы алғанда, бұл кездесу студенттердің әдеби-теориялық білімін тереңдетіп қана қоймай, олардың көркем мәтінді талдау дағдыларын дамытуға және әлем әдебиетіне деген таным көкжиегін кеңейтуге зор ықпал етті.