- Басты бет
- Жаңалықтар
- Кәсіптік бағдар беру: №100 жалпы білім беретін мектеппен меморандумға қол қойылды
Кәсіптік бағдар беру: №100 жалпы білім беретін мектеппен меморандумға қол қойылды
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да барлық факультеттер, соның ішінде біздің Заң факультеті де талапкерлерді біздің білім беру бағдарламаларымызға тарту үшін кәсіптік бағдар беру шараларын белсенді түрде жүргізеді.
Осы орайда Заң факультетінің Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының аға оқытушысы, з.ғ.м., PhD докторант Қанат Насырұлы Алихан Алматы қаласының Медеу ауданында орналасқан №100 жалпы білім беретін мектептің 10-11 сынып оқушылары үшін бейіндік бағдарлау бойынша дәрістер оқыды.
Мектеп директоры Калынбаева Қарлығаш Нургазиевна Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінің Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасымен арадағы өзара меморандумға қол қойды.