Қазақстан–Қытай бірлескен «Қашықтан зондтау технологиялары және оларды қолдану» зертханасы базасында ұшқышсыз авиациялық жүйелер (ҰАЖ) операторларын даярлауға арналған практикалық сабақтар циклі өткізілді — ҚазҰУ

91ý

Қазақстан–Қытай бірлескен «Қашықтан зондтау технологиялары және оларды қолдану» зертханасы базасында ұшқышсыз авиациялық жүйелер (ҰАЖ) операторларын даярлауға арналған практикалық сабақтар циклі өткізілді

15 сәуір 2026
Қазақстан–Қытай бірлескен «Қашықтан зондтау технологиялары және оларды қолдану» зертханасы базасында ұшқышсыз авиациялық жүйелер (ҰАЖ) операторларын даярлауға арналған практикалық сабақтар циклі өткізілді

Ұшқышсыз авиациялық жүйелердің (ҰАЖ) білікті пилоттарын даярлау — заманауи ғылымның, мониторинг технологияларының және цифрлық экономиканың дамуының негізгі шарты болып табылады. Осы орайда, 2025 жылдың соңында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен «Aerial Solutions / Drone Pilot Academy» компаниясы ұшқышсыз авиация және геоинформатика саласындағы ынтымақтастық туралы стратегиялық меморандумға қол қойып, жаңа буын мамандарын жүйелі даярлаудың негізін қалады.


9-12 сәуір аралығында Қазақстан-Қытай бірлескен қашықтықтан зондтау технологиялары және оларды қолдану зертханасы базасында түрлі ұйымдардың ҰАЖ операторларын оқыту бойынша практикалық сабақтар циклі өтті. Оқу бағдарламасы ұшқышсыз жүйелерді басқарудың қолданбалы дағдыларын қалыптастыруға және оларды ғылыми-зерттеу қызметіне интеграциялауға бағытталды.

Оқу процесі «Drone Pilot Academy» компаниясының тәжірибелі нұсқаушыларының жетекшілігімен жүргізілді. Мұндай деңгейдегі дайындық техниканы сенімді меңгеруді ғана емес, сонымен қатар күрделі зерттеу және қолданбалы міндеттерді, соның ішінде геокеңістіктік деректерді жоғары дәлдікпен жинау мен өңдеуді шешуде ұшқышсыз шешімдерді тиімді қолдану құзыреттілігін қалыптастырады.


Бағдарлама аясында кіші ғылыми қызметкер М.К. Сиражитдинова оқудан сәтті өтіп, аттестация қорытындысы бойынша «2-санатты ұшқышсыз авиациялық жүйелердің (ҰАЖ) операторы» сертификатын иеленіп, өзінің кәсіби даярлығының жоғары деңгейін дәлелдеді.

Зертхана үшін бұл жетістік кадрлық әлеуеттің маңызды нығаюы болып табылады. Ұшқышсыз авиациялық жүйелерді ғылыми зерттеулердің күнделікті практикасына енгізу жедел және жоғары дәлдікті мониторинг жүргізу үшін жаңа мүмкіндіктер ашады, бұл өз кезегінде Жерді қашықтан зондтау технологияларын дамытудың және қолданбалы ғылыми міндеттер ауқымын кеңейтудің негізгі факторы болып табылады.