ЕУРАЗИЯДАҒЫ КӨШІ ҚОН ҮДЕРІСТЕРІНЕ ЖӘНЕ 10 ЖӘНЕ 17 ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТТАРЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӘЛЕМНІҢ ӘРТҮРЛІ АЙМАҚТАРЫНАН КЕЛГЕН ҒАЛЫМДАРДЫ БІРІКТІРДІFarabi University

91ý

ЕУРАЗИЯДАҒЫ КӨШІ ҚОН ҮДЕРІСТЕРІНЕ ЖӘНЕ 10 ЖӘНЕ 17 ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТТАРЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӘЛЕМНІҢ ӘРТҮРЛІ АЙМАҚТАРЫНАН КЕЛГЕН ҒАЛЫМДАРДЫ БІРІКТІРДІ

20 сәуір 2026
ЕУРАЗИЯДАҒЫ КӨШІ ҚОН ҮДЕРІСТЕРІНЕ ЖӘНЕ 10 ЖӘНЕ 17 ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТТАРЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӘЛЕМНІҢ ӘРТҮРЛІ АЙМАҚТАРЫНАН КЕЛГЕН ҒАЛЫМДАРДЫ БІРІКТІРДІ

2026 жылғы 17–18 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетінде «Еуразиядағы заманауи көші-қон үдерістері: үрдістер мен сын-қатерлер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Аталған іс-шара академиялық сарапшыларды, практиктерді және мемлекеттік құрылымдардың өкілдерін біріктіріп, заманауи халықаралық қатынастардың трансформациясы жағдайындағы Еуразиядағы көші-қон үдерістерінің кең ауқымды мәселелерін және олардың өңірлік әрі жаһандық деңгейдегі салдарын талқылауға мүмкіндік берді. Армения, Ұлыбритания, Индонезия, Португалия, Финляндия, Ресей, Өзбекстан, Жапония және Қазақстан ғалымдары көпжақты диалогтың бір бөлігіне айналып, екі күн бойы көші-қонның өзекті мәселелерін талқылап қана қоймай, жаңа тәсілдер мен шешімдерді белсенді түрде ұсынды.

Ашылу сөзінде халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының меңгерушісі Гульнара Байкушикова заманауи халықаралық қатынастардағы тұрақсыздық жағдайында көші-қон үдерістерін зерттеудің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, қазіргі көші-қон тек мәжбүрлі немесе экономикалық сипатқа ие болмай, су, экологиялық және басқа да мәселелермен байланысты екенін жеткізді.

Құттықтау сөздермен сондай-ақ:

 

-Алматы қаласындағы Сыртқы істер министрлігі Өкілдігінің кеңесшісі Анар Дутбаева;

 

-Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының Алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы Асель Назарбетова;

 

-Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жанындағы Еуразиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Женгизхан Жаналтай сөз сөйледі.

 

Ашылу баяндамасын халықаралық қатынастар мамандығы бойынша PhD, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының қауымдастырылған профессорының міндетін атқарушы Лейла Деловарова жасады.

Конференция екі күн бойы өтіп, кең ауқымды мәселелерді қамтыды. Атап айтқанда: Еуразия кеңістігіндегі көші-қон, қауіпсіздік және тұрақты даму, әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер жағдайындағы отандастар мен диаспораның рөлі, білім беру көші-қоны, еңбек көші-қоны, ақша аударымдары, таланттардың көші-қоны және жасанды интеллект, экологиялық көші-қон, демографиялық даму: үрдістер, депопуляция және Еуразия елдерінің тәжірибесі.

Конференция сессияларында Қазақстан мен шетелдің жетекші сарапшылары баяндама жасады:

Пленарлық сессия:

• Нурхан Жалиев, «Отандастар қоры» КеАҚ талдау және стратегиялық даму департаментінің басқарушы директоры.

• Сергей Рязанцев, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Ресей ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Ресей ылым академиясының Әлеуметтік демография институты, Салыстырмалы (халықаралық) демографиялық зерттеулер орталығының жетекшісі, Мәскеу, Ресей Федерациясы.

• Марина Храмова, физика-математика ғылымдарының кандидаты, Патрис Лумумба атындағы Ресей халықтар достығы университеті (РУДН), экономикалық-математикалық модельдеу кафедрасының доценті, Мәскеу, Ресей Федерациясы.

• Арам Вартикян, социология ғылымдарының кандидаты, Көші-қон зерттеулері орталығының директоры.

• Муаттара Рахимова, заң ғылымдарының докторы (DSc), профессор, Ташкент мемлекеттік заң университеті, Ташкент, Өзбекстан Республикасы.

 

«Еуразия периметрі бойынша көші-қон үдерістері: үрдістер мен әсерлер» сессиясы:

 

• Антониу Мендонса, PhD, IGOT-UL, зерттеуші, Лиссабон, Португалия.

• Лариса Кангаспуро, PhD, Хельсинки университеті, зерттеуші, жоба жетекшісі, Хельсинки, Финляндия.

• Мэтью Хенеган, PhD зерттеуші, Глазго университеті / Әлемдік экономика және дипломатия университеті, Глазго, Ұлыбритания.

• Светлана Мищук, экономика ғылымдарының кандидаты, Ресей ылым академиясының Әлеуметтік демография институты / М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, жетекші ғылыми қызметкер, доцент, Мәскеу, Ресей.

• Лаура Ерекешева, тарих ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетінің Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының профессоры, Алматы, Қазақстан.

• Галия Мовкебаева, тарих ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Еуразиялық зерттеулер орталығының директоры, Алматы, Қазақстан.

• Мейрам Сарыбаев, PhD, Нархоз университетінің құқық және мемлекеттік басқару мектебінің қауымдастырылған профессоры, Алматы, Қазақстан.

 

Бірінші күннің қорытындысында халықаралық қатынастар факультетінің деканы, профессор Жулдыз Сайрамбаева конференция тақырыбының маңыздылығын, Еуразиядағы көші-қонды реттеудегі халықаралық-құқықтық аспектілердің рөлін және қатысушылардың жоғары белсенділігін атап өтті. Сондай-ақ ол заманауи көші-қон мәселелерін бағалау мен шешудің жаңа тәсілдерін әзірлеудің маңыздылығын атап өтті.

 

Конференцияның екінші күні «Халықаралық көші-қон үдерістері және жаңа үрдістер: Еуразия үшін салдары» тақырыбындағы дөңгелек үстелмен жалғасты.

Дөңгелек үстел қатысушылары:

• Охаши Кэничи, өнер магистрі, Риккё университетінің профессоры, Токио, Жапония.

• Бийбиназ Альманова, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының докторанты, Алматы, Қазақстан.

• Асыл Тунгышева, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының докторанты, Алматы, Қазақстан.

• Мухаммад Аммар Хабиби, халықаралық қатынастар магистрі, Schoters by Ruangguru ұйымының оқытушысы, Палембанг, Индонезия.

• Аскар Шонай, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің докторанты, Алматы, Қазақстан.

• Ален Жуанышбеков, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының докторанты, Алматы, Қазақстан.

 

Конференция барысында Біріккен Ұлттар Ұйымы-ның Тұрақты даму мақсаттарымен (ТДМ) байланысы атап өтілді — ТДМ 10 (теңсіздікті қысқарту) және ТДМ 17 (мақсаттарға қол жеткізу үшін әріптестік). Іс-шара гибридті форматта өтті.

Конференция аясында Еуразиядағы ғылыми-білім беру инфрақұрылымын дамыту мақсатында консорциум үлгісі бойынша арнайы қор құру жөнінде ұсыныстар әзірленді. Қордың негізгі функциялары білім беру көші-қоны мен таланттар көші-қонын үйлестіруді, сондай-ақ көші-қон зерттеулері мен жобаларын дамыту мен қолдауды қамтуы тиіс. Сонымен қатар халықаралық және ішкі көші-қонға қатысты негізгі сын-қатерлерді түсінуде жасанды интеллектті қолдану және жас ғалымдарды тарту арқылы жаңа тәсілдерді дамыту қажеттілігі атап өтілді.

 

Конференция халықаралық қатынастар факультетіндегі БҰҰ туралы ақпарат беретін академиялық аймақтық ресурстық орталықтың студенттік активінің қолдауымен өтті.

Ұйымдастырушылар: Деловарова Л.Ф., Байкушикова Г.С., Альманова Б.К., Жуанышбеков А., Тунгышева А., БҰҰ туралы ақпарат беретін академиялық аймақтық ресурстық орталығының активі (Жолдасбек Р., Шагатаев Б., Сейсебаев К., Рахманова М., Жусупеков А., және т.б.).