Yessenov Data Lab жазғы мектебіне өтінім қабылдау басталды — ҚазҰУ

91ý

Yessenov Data Lab жазғы мектебіне өтінім қабылдау басталды

17 сәуір 2026
Yessenov Data Lab жазғы мектебіне өтінім қабылдау басталды

Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры жас ғалымдар мен мамандарға арналған Yessenov Data Lab (YDL) қарқынды оқу бағдарламасына қатысуға шақырады.

Төрт апталық курс үлкен деректерді талдау (Data Analytics) дағдыларын кәсіби деңгейде меңгеруге мүмкіндік береді.

Қатысушылар Python бағдарламалау тілін, чат-боттарды әзірлеуді, машиналық оқытуды (Machine Learning) және компьютерлік көруді (Computer Vision) үйренеді. Биылғы бағдарламаның басты ерекшелігі – жасанды интеллект (AI) агенттерін әзірлеуге және үлкен тілдік модельдерді (LLM) меңгеруге басымдық беріледі. Сабақтарды жетекші отандық және халықаралық сарапшылар жүргізеді.

Бағдарламаны сәтті аяқтағандарға Yessenov Data Lab сертификаты мен AlmaU университетінің халықаралық стандартқа (Болон үдерісі) сай академиялық транскрипті беріледі.

Жазғы мектепке 18 жастан асқан Қазақстан азаматтары: бакалавриат, магистратура, докторантура студенттері және техникалық немесе жаратылыстану бағытындағы мамандар қатыса алады.

Өтінім қабылдау мерзімі: 28 сәуірге дейін

Қатысушылар саны: 20 адам

Өту мерзімі: 17 маусым – 13 шілде

(15-26 маусым онлайн, 29 маусым – 10 шілде Алматыда офлайн)

Қор басқа қалалардан келетін қатысушылардың жол ақысы, тұруы және тамақтану шығындарын толық өтейді.

Толық ақпарат және өтінім беру: