ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ МҰРАСЫFarabi University

91ý

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ МҰРАСЫ

18 сәуір 2026
ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖАСЫЛ МҰРАСЫ

2026 жылыдың 18 сәуір күні «Биология» білім беру бағдарламасының студенттерімен Алматы мемлекеттік табиғи қорығында «Ұлы даланың жасыл мұрасы» атты танымдық-экологиялық іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттер мен жас ұрпаққа табиғатты қорғау, өсімдіктер әлемінің маңызын түсіндіру және туған жердің биоалуантүрлілігін сақтауға деген жауапкершілікті арттыру болды.

Шара барысында қатысушыларға қорық аумағындағы өсімдіктер жамылғысы, сирек кездесетін және эндемик өсімдік түрлері туралы мазмұнды мәліметтер ұсынылды. Сонымен қатар, Ұлы дала флорасының ерекшеліктері мен экологиялық маңызы туралы дәрістер оқылып, танымдық экскурсия ұйымдастырылды.

Іс-шара аясында қатысушылар қорық аумағында орналасқан ұлттық музейге де барып, ондағы экспозициялармен танысты. Музейде табиғи мұралар, сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар үлгілері, сондай-ақ өңірдің экологиялық тарихына қатысты құнды деректер ұсынылды. Бұл бөлім қатысушылардың білімін кеңейтіп, табиғатқа деген қызығушылығын арттыра түсті.

Іс-шара аясында студенттер белсенділік танытып, табиғатты қорғау тақырыбында пікір алмасып, сұрақ-жауап бөлімінде өз ойларымен бөлісті. Сондай-ақ, ағаш отырғызу акциясы өткізіліп, қатысушылар табиғатты аялауға өз үлестерін қосты.

Аталған іс-шара экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, табиғатқа деген сүйіспеншілікті арттыруға және «жасыл мұраны» сақтаудың маңызын ұғындыруға бағытталды.

 

Іс-шараны ұйымдастыруға және өткізуге Ботаника және агроэкология кафедрасының аға оқытушысы Рысқали Т.Б., Зоология, гистология және цитология кафедрасының аға оқытушысы Тілешова М.Т. жетекшілік етті.