ҚазҰУ докторанты халықаралық семинарда Жібек жолындағы археологиялық зерттеулерді таныстырды — ҚазҰУ

91ý

ҚазҰУ докторанты халықаралық семинарда Жібек жолындағы археологиялық зерттеулерді таныстырды

19 наурыз 2026
ҚазҰУ докторанты халықаралық семинарда Жібек жолындағы археологиялық зерттеулерді таныстырды

2026 жылғы 18 наурызда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультетінің докторанты халықаралық ғылыми аренада өзекті зерттеулерімен бөлісті.

Қытайтану кафедрасының «8D02209 – Шығыстану» мамандығы бойынша 3-курс докторанты Құрбанәлі Жазира ҚХР-дың Сиань сәулет және құрылыс университеті (Xi’an University of Architecture and Technology) ұйымдастырған шетелдік сарапшылардың сериялық семинарына қатысты.

Семинардың басты бағыттары:

  • Тақырыбы: «Мәдени мұраны басқару және қалалардың тұрақты дамуы: бірлескен археологиялық зерттеулер мен ескерткіштерді қорғау».

  • Мақсаты: Халықаралық деңгейде тарихи жәдігерлерді сақтау және ғылыми ынтымақтастықты нығайту.

Жазира Құрбанәлі жиын барысында «Қытай-Қазақстан мәдени алмасу ынтымақтастығы: Жібек жолындағы бірлескен археологиялық зерттеулер және тарихи ескерткіштерді қорғау» тақырыбында онлайн дәріс оқыды.

«Бірлескен археологиялық зерттеулер тек тарихты жаңғырту емес, сонымен қатар екі ел арасындағы мәдени алтын көпірді нығайтудың кепілі», — деп атап өтті баяндамашы.

Нәтижесі және болашақ жоспарлар

Қазақстандық зерттеушінің баяндамасы шетелдік ғалымдар мен оқытушылар құрамының үлкен қызығушылығын тудырды. Талқылау соңында қатысушылар спикерге көкейкесті сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

Семинар қорытындысы бойынша келесідей шешімдер қабылданды:

  1. Қазақстанның археологиялық нысандарын зерттеу бойынша ынтымақтастықты жалғастыру.

  2. Тарихи ескерткіштерді қорғау мәселелеріне арналған қосымша кездесулер мен ғылыми семинарлар ұйымдастыру.