- Басты бет
- Жаңалықтар
- Өзіңді тану – табысқа жетудің кілті: Студенттер темперамент пен мінез құпияларын талқылады
Өзіңді тану – табысқа жетудің кілті: Студенттер темперамент пен мінез құпияларын талқылады
2026 жылдың 19 наурызында Физика-техникалық факультеті плазма физикасы, нанотехнология жне компьютерлік физика кафедрасының 2 курс студенттеріне арналған «Темперамент пен мінез: айырмашылығы қандай жне өзімізді қалай түсінеміз?» атты психологиялық танымдық трбие сағаты&Բ;өтті.
Заманауи мамандар үшін тек ксіби білім ғана емес, сонымен қатар «soft skills» немесе тұлғалық қасиеттерді басқару дағдысы өте маңызды. Осы мақсатта ұйымдастырылған іс-шара студенттердің өзін-өзі тануын дамытуға жне ұжымдағы коммуникацияны жақсартуға бағытталды.
Іс-шара дстүрлі баяндама түрінде емес, ашық диалог жне интерактивті ойын форматында өтті. «Бүгін сен қандай жануарсың?» атты қыздыру жаттығуынан басталған кездесу студенттердің еркін пікір алмасуына мүмкіндік берді.
Негізгі бөлімде темпераменттің туа біткен қасиет екені, ал мінездің өмір барысында қалыптасатындығы туралы ғылыми түсініктер берілді. Студенттер Гиппократ классификациясы бойынша сангвиник, холерик, флегматик жне меланхолик типтерінің ерекшеліктерін талдап, олардың рқайсысының күшті жне лсіз тұстарын саралады.
рбие сағатының ең қызықты сттерінің бірі – цифрлық құралдарды қолдану болды. Студенттер арнайы QR-код арқылы онлайн тест тапсырып, өздерінің психологиялық типін лезде анықтады. Ал «Типті тап» ойыны барысында болашақ физиктер өздеріне берілген темперамент түрлерін сахналық көріністер арқылы шебер бейнелеп шықты.
Түйін: «Жаман темперамент болмайды»
Талқылау кезеңінде студенттер «Мінезді өзгертуге бола ма?» жне «Темперамент мансапқа қалай сер етеді?» деген сұрақтар төңірегінде пікірталас жүргізді. Кеш соңында қатысушылар кез келген темперамент түрінің өзіндік құндылығы бар екенін жне ең бастысы – сол ерекшелікті дұрыс бағытта пайдалана білу екендігін түсінді.
Іс-шараның қорытындысы бойынша:
• Студенттердің өзін-өзі тану деңгейі артты;
• Топ ішіндегі өзара түсіністік пен сыйластық нығайды;
• Студенттер психологиялық талдау жасаудың алғашқы дағдыларын меңгерді.
Педагогикалық тжірибе уақытында өтіп жатқан бұл іс-шара магистранттар үшін де үлкен тжірибе, шыңдалу сабағы. Ұйымдастырушылар - 1 курс магистранттары Кажаева А., Құмар А.
Басқа жаңалықтар