- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Көптілді ортадағы жастар (Қазақстандағы қазіргі жастардың тіл қолдану жағдайына тәрбиелік көзқарас)»
«Көптілді ортадағы жастар (Қазақстандағы қазіргі жастардың тіл қолдану жағдайына тәрбиелік көзқарас)»
2026 жылғы 15 сәуірде филология факультетінің қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Ержанова Сәуле Баймырзақызының жетекшілігімен «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 1 курс магистранты Лили 3 курс студенттеріне «Көптілді ортадағы жастар (Қазақстандағы қазіргі жастардың тіл қолдану жағдайына тәрбиелік көзқарас)» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Аталған сабақтың мақсаты – көптілді орта жағдайында тіл қолдану, жеке даму және әлеуметтік жауапкершілік арасындағы байланысты дұрыс түсіндіру, жастардың мәдени сәйкестігі мен жауапкершілігін қалыптастыру болды.Сабақ барысында PPT таныстырылымы қолданылып, сонымен қатар жұптық жұмыс (екі адамнан), сұрақ-жауап, жағдаяттық талқылау және кейс-талдау әдістері кешенді түрде пайдаланылды, бұл студенттердің белсенділігін арттырып, тиімді интерактивті орта қалыптастырды.Нәтижесінде студенттер көптілді қоғамдағы тіл қолдану ерекшеліктерін тереңірек түсініп, тіл таңдауын моральдық және құндылықтық тұрғыдан бағалай алды. Жалпы алғанда, тәрбие сағаты білім мен құндылықтарды ұштастыра отырып, студенттердің жан-жақты дамуына ықпал етіп, әлеуметтік жауапкершілік пен мәдени сананы нығайтты, сондай-ақ саналы тіл қолдану дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Басқа жаңалықтар