«ылым. Зерттеу. Жариялау» халықаралық көктемгі мектебі
2026 жылдың 16 сәуірінде аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасы Халықаралық көктемгі мектепті өткізді. Қатысушылар Ph.D., доцент-ғылыми қызметкер Аделое Адевале Олуфуншо, Ph.D., доцент міндетін атқарушы Авчукир Хайс және Ph.D., ассистент- профессор Дина Сайлаубекқызы Оразбаеваның баяндамаларын тыңдады. Ғалымдардың баяндамалары медициналық қолдану үшін жаңа материалдар ретінде металл/металл оксиді нанобөлшектерін синтездеу, электрохимияға арналған жасанды интеллект, ғылыми мақалалар жазу, жариялау процесі, журналдарды таңдау және сараптамалық бағалау процесін басқару мәселелерін қамтыды. Халықаралық көктемгі мектепке Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия және химиялық технология факультетінің, Ташкент фармацевтикалық институтының және Мирзо Ұлықбек атындағы Өзбекстан ұлттық университетінің оқытушылары, қызметкерлері және докторанттары қатысты. Халықаралық көктемгі мектеп аралас форматта (онлайн және офлайн) өтті.