ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМА САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ МЕ?Farabi University

91ý

ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМА САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ МЕ?

18 сәуір 2026
ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМА САПАЛЫ БІЛІМ КЕПІЛІ МЕ?

ТДМ 4. «Сапалы білім аясында» 2026 жылдың 18 сәуір күні «6В01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3-курс студенттеріне «Жаңартылған бағдарлама сапалы білім кепілі ме?» атты тақырыбында дөңгелек үстел жоғары деңгейде өткізілді.

Дөңгелек үстелдің мақсаты - болашақ қазақ тілі мен әдебиеті мамандарының кәсіби дүниетанымын кеңейту, білім беру мазмұнын жаңартудың тиімділігін талқылау және студенттердің пікірсайыс мәдениеті мен сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру.

Іс-шара барысында төмендегідей мәселелер тақылқыланды:

- Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары;

- Критериалды бағалау жүйесінің педагогикалық маңыздылығы;

- Ұлттық құндылықтар мен заманауи оқыту әдістерінің сабақтастығы.

Тәрбие сағаты барысында студенттерді тақырыпқа терең тарту мақсатында келесі белсенді әдіс-тәсілдер қолданылды:

- «Battle of Arguments» (Уәждер шайқасы): Студенттер «Жақтаушылар» және «Даттаушылар» топтарына бөлініп, жаңартылған бағдарламаның артықшылықтары мен кемшіліктерін жан-жақты саралады. Әр қатысушы өз рөліне сай нақты дәлелдер келтіріп, дебат форматында пікір алмасты.

- SWOT-талдау әдісі: Топтар білім беру жүйесіндегі өзгерістердің мықты тұстарын (Strengths), әлсіз жақтарын (Weaknesses), мүмкіндіктері (Opportunities) мен қауіп-қатерлерін (Threats) жүйелі түрде саралап, кесте бойынша өз шешімдерін ұсынды.

- «Көшбасшылар мінбері» әдісі: Бұл кезеңде топ капитандары стратегиялық ой-тұжырымдарын жинақтап, қорытынды сөз сөйледі. Студенттердің өз ұстанымын қорғау және аудиториямен байланыс орнату қабілеттеріне баса назар аударылды.

- «Кері байланыс пирамидасы»: Шара соңында студенттер алған ақпараттарын жүйелеп, өздері үшін маңызды болған негізгі түйіндерді қорытындылады.

Дөңгелек үстел дебат сайыс түрінде өткізілді. Студенттер екі топқа бөлініп, жаңартылған білім бағдарламасының өзектілігі мен өзіндік ерекшеліктеріне жан-жақты талдаулар жасап, өз ой пікірлерін жүйелі түрде жеткізе білді.

Дөңгелек үстелге Өзбекстан Республикасының оқытушылары қатысып, студенттердің жауаптарына риза болып, өз ойларында ортаға салды. Атап айтқанда: Бердақ атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университеті, Қарақалпақ филологиясы және журналистика факультетінің доценттері Г.А. Алламбергенова, Қ.У. Усенова, стажёр-оқытушы Г.Б. Атабаева және ассистент оқытушы З.С. Асаматдинова қатысып, тәрбие сағатының мазмұндылығы мен магистранттың педагогикалық ізденісіне жоғары баға берді.

Дөңгелек үстелдің мазмұнды, мағыналы, қызықты өтуіне «7М01701- Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 1-курс магистранты Адаева Аида зор үлес қосты.