Суперкомпьютер базасында ғылыми ынтымақтастық мселелері талқыланды
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2019 жылғы 11 қыркүйекте Қытай Халық Республикасына жасаған мемлекеттік сапары аясында Қазақстанға суперкомпьютер келу жөніндегі үкіметаралық келісімге қол қойылған болатын. Кейін, 2024 жылғы 3 шілдеде Си Цзиньпинның Қазақстанға сапары барысында жүргізілген жоғары деңгейдегі келіссөздер нтижесінде Qingdao Aucma Import & Export Co компаниясы тарапынан суперкомпьютерді л-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне жеткізу туралы шешім қабылданды.
Бүгінгі таңда аталған суперкомпьютер университет базасында толық іске қосылып, Орталық Азиядағы ең қуатты есептеу кешендерінің бірі ретінде ғылыми-зерттеу қызметіне пайдалануға берілді.
Осыған орай, суперкомпьютердің мүмкіндіктерімен танысу мақсатында Алматы қаласындағы Төтенше жағдайлар жне апаттар қаупін азайту орталығының жне «Сейсмологиялық бақылау жне зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС-нің қызметкерлері л-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне арнайы іссапармен келді. Кездесу барысында мамандарға жоғары өнімді есептеу жүйесінің техникалық сипаттамалары, ғылыми есептеулер жүргізудегі мүмкіндіктері жне табиғи-техногендік қауіп-қатерлерді модельдеу мен болжауда қолдану бағыттары таныстырылды.
Кездесу нтижесінде тараптар ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту, деректер алмасу жне төтенше жағдайлардың алдын алу мен мониторинг жүргізу саласында бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылады.