Қаржылық сауаттылықты арттырудың әдістері
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология және биотехнология факультетінің «6В05102 – ылыми биология» білім беру бағдарламасының 03 және 04 топтарының 2-курс студенттері 2026 жылғы 21 сәуірде «Қаржылық сауаттылықты арттыру әдістері» тақырыбында кураторлық ашық сабақ өткізді.
Куратор: биология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Омарова Жанар Сагатовна.
Сабақтың мақсаты: жастарға қаржылық сауаттылықтың маңызын түсіндіру, жеке қаржыны тиімді басқару дағдыларын қалыптастыру, табыс пен шығынды дұрыс жоспарлауға үйрету және қаржылық жауапкершілікті арттыру.
Қазіргі қоғамда қаржылық сауаттылық – табысты әрі тұрақты өмір сүрудің маңызды шарттарының бірі. Ақшаны дұрыс басқару, оны тиімді пайдалану және болашақты жоспарлау әрбір адамның өмірінде ерекше орын алады. Осыған байланысты ашық сабақ аясында қаржылық сауаттылықты арттыру жолдары жан-жақты қарастырылып, студенттердің осы бағыттағы білімін тереңдету көзделді.
Сабақ барысында теориялық білім мен практикалық тапсырмалар ұштастырылып, студенттердің өз ойларын еркін жеткізуіне мүмкіндік берілді. Қатысушылар қаржылық сауаттылық тек табыс табумен шектелмейтінін, ең бастысы – табысты тиімді бөлу мен жоспарлау екенін атап өтті. Студенттер қаржылық тұрақтылыққа жету үшін табысты алдын ала жоспарлау қажеттігін айтып, бұл дағдыны ерте жастан қалыптастыру маңызды екенін жеткізді.
Сонымен қатар, қаржылық тәртіптің маңыздылығына ерекше назар аударылды. Кіріс пен шығысты тұрақты бақылау артық шығындардың алдын алатыны атап өтілді. Қаржылық сауаттылық болашаққа жасалған маңызды қадам ретінде бағаланып, бүгінгі дұрыс шешімдердің ертеңгі тұрақтылықтың негізін қалайтыны көрсетілді. Үнемдеу мәдениетіне де ерекше мән беріліп, шағын, бірақ жүйелі әрекеттердің үлкен нәтижеге жеткізетіні мысалдар арқылы түсіндірілді. Қаржылық тәуелсіздік адамның өзіне деген сенімділігін арттыратыны да айтылды.
Сабақ барысында студенттер табыс пен шығынды жоспарлау, қаржылық мақсат қою, үнемдеу дағдыларын қалыптастыру, қажетсіз шығындарды азайту және қосымша табыс көздерін табу сияқты тиімді әдістерді талқылады. Топтық жұмыстар мен практикалық тапсырмалар арқылы нақты өмірлік жағдайларды саралап, өз шешімдерін ұсынды.
Қорытындылай келе, ашық сабақ өз мақсатына толық жетті. Студенттер қаржылық сауаттылықтың маңызын терең түсініп, оны күнделікті өмірде қолдану жолдарын меңгерді. Қаржылық білім – бұл тек теория емес, сонымен қатар әр адамның өмір сапасын арттыратын маңызды құрал. Сондықтан қаржылық сауаттылықты дамыту – әрбір жастың негізгі міндеттерінің бірі.
Зоология, гистология және цитология кафедрасының аға оқытушы б.ғ.к., Омарова Ж.С.