«Ерекше» фильміне талдамалық шолу жасады
31 наурыз 2026
2026 жылдың 31 наурызында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінің 204-топ студенттері эдвайзер Қонысбай Бақытгүлдің жетекшілігімен «Ерекше» фильміне талдамалық шолу жасады. Фильм адам тағдыры, қоғам көзқарасы және ерекше жандардың рухани мықтылығы туралы ой қозғайды.
Сюжет Арманның өзгерісі арқылы өрбиді: ол параспортшылармен танысып, өмірге деген көзқарасын өзгертеді. Фильм ерекше жандарды аяу емес, құрметтеп, қолдау керектігін көрсетеді.
Негізгі идеясы – адамды сыртқы жағдайына қарап бағаламау, қиындыққа мойымау және әркімнің өзгере алатынын түсіну. «Ерекше» – адамгершілікке үндейтін тәрбиелік мәні зор туынды.
Басқа жаңалықтар
16 маусым 2026